ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАС ДАРЫН ЕРЖАН МАКСИМДІ ҚАБЫЛДАДЫ
Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков «Junior Eurovision-2019» халықаралық ән байқауының лауреаты атанған Ержан Максимді қабылдады. Жас өнерпаз қабылдауға анасымен бірге келді.

Шаһар басшысы байқауға Қазақстанның атынан қатысып, әлемдік додада үздік өнер көрсеткен Ержан Максимді жеңісімен құттықтап, «Абай жолы» роман эпопеясын және велосипедті сыйға тартты және анасвна ілтипатын білдірді.
– Осындай дарынды баланы тәрбиелеп отырған өздеріңізге алғыс айтамын,-деген қала басшысы одан әрі тілегін жас дарынның өзіне арнады, – Ержан, сен әлі де биік белестерді бағындыратыныңа сенеміз. Қазақстанның атын әлемге таныта бер дегім келеді,- деді Абат Шыныбеков.
Сондай ақ, кездесу барысында алдағы жылға жоспарланып отырған жас өнерпаздың жеке концерті де талқыланды.
Айта кетейік, Ержан Максим бұған дейін үстіміздегі жылдың мамыр айында «Голос Дети» байқауының жеңімпазы атанды. Ал жуырда Польшаның Гливице қаласында өткен «Балалар Евровидениесі 2019» байқауында «Арманыңнан қалма» («Don’t forsake your dream») әнін орындап, қазылардвң және көрермендердің бағалауы бойынша жалпы 227 ұпаймен екінші орынды еншіледі. Қазіргі таңда Ержан Мәскеу қаласындағы Игорь Крутойдың музыка академиясында білім алуда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу