ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН ТӨРТ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ
Орал-Атырау автожолының 175-ші шақырымында екі көлік соқтығысып, төрт адам жарақат алған.

4 желтоқсан күні кешкі сағат 19.13-те Ақжайық ауданының аумағында, нақтырақ айтқанда Орал-Атырау тас жолының 175-ші шақырымында «Lada Priora» маркілі автокөлік пен «КамАЗ» түйіскен. БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Чапаев» жолда медициналық құтқару пункті қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде зардап шеккен төрт адам құтқарылып, Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі үш адамның амбулаторлық ем алуға жоланғанын, біреуінің ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.
– 1995 жылғы әйел адамға маңдай тұсынан теріасты гематомасы диагнозы қойылды. Кеудесінен соққы алған. Ол амбулаторлық ем алуға жолданды. Бас пен мидың жабық жарақаты, жеңіл дәрежелі бас миының соғылуы диагнозымен 1986 жылғы әйел Ақжайық аудандық ауруханаға жатқызылды. Ер адамның бірі (1989 жылғы) бүйрегі мен тізесін соғып алған. Тағы бір ер адамға (1987 жылғы) бас пен мидың жабық жарақаты қойлыды. Оның миы шайқалған, кеудесінен соққы алған. Екеуі де амбулаторлық ем алуға жолданды, – деді Айнагүл Сақпосынова.
Төтеншеліктер көктайғақ қатерін ескерте отырып, автожүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақтық шараларын ұмытпауға шақырады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу