8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Желтоқсан 2019 2177 0
Өзек

ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫН ТАЛАПҚА СӘЙКЕСТЕНДІРМЕГЕНІ ҮШІН ӘКІМ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

БҚО Жаңақала ауданы прокуратурасы заңсыз жерді қазу және тұрмыстық қалдықтарды төгу фактілерін анықтады.

БҚО прокуратурасының ресми өкілі Бауыржан Закиұлының хабарлауынша, «Ж» ЖШС-гі Жаңақала ауылы маңында арнайы рұқсатсыз жерді қазу арқылы саз топырақты алып, Экологиялық Кодекстің 12-бабының талабын бұзған.

Экология департаменті маманының қорытындысына сәйкес көлемі 210 текше метр болатын топырақ алынып, 950 мың теңге залал келтірілгені дәлелденді. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде уәкілетті орган «Ж» ЖШС-не Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 139-бабымен (жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу) 631 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Қазіргі уақытта қоршаған ортаға келтірілген залалдың құны мемлекет пайдасына толық өндірілді.

Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонның экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталып, «Жаңақала ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мен Жаңақала ауылдық округінің әкімі А.Г. Ахметов Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 337-бабымен (жерді бүлдіру) және 344-бабымен (өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге, сарқынды суды ағызуға қойылатын талаптарды бұзу) жауапкершілікке тартылды.

Құқық бұзушылар 63 мың және 25 мың теңге көлемінде айыппұл төледі.

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
63 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»