ПОЛИЦИЯ АВТОМОБИЛЬДЕРІНІҢ МУЛЯЖДАРЫ ҚОЙЫЛДЫ
Мұндай белгілер облыс аумағындағы ең қауіпті деп саналатын тасжолдарға қойылады.

Батыс Қазақстан облысының «Орал-Атырау» қалааралық тас жолдарында патрульдік полиция машиналарының макеттері мен муляждары пайда болды.
Модельдер дәл және алыстан шынайы көрінеді. Патрульдік машинаның макет екенін тек жақындап келіп қана көруге болады. Бүгінде бұл полиция көлігінің алғашқы муляжы. Олар жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін көлік жылдамдығын баяулату қажет деген ең қауіпті учаскелерде орнатылды.
БҚО ПД баспасөз қызметі ұсынған статистикаға сүйенер болсақ, жол-көлік оқиғаларының болу себептерінің бірі – жылдамдықты арттыру. 2019 жылдың 10 айында Орал-Атырау тас жолында 17 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 14 адам қаза болып, 21-і түрлі жарақат алды.
Сонымен қатар, осы тас жолда елдімекендерге жақын жерде малдарға арналған муляждар қойылды. Ағымдағы жылдың 10 айында БҚО-да жануарлардың қатысуымен 9 жол-көлік оқиғасы тіркелді, нәтижесінде 2 адам қайтыс болып, 12 адам жарақат алды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу