8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қараша 2019 2085 0
Қоғам

ПАРТИЯ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

        Бүгін облыстық мәслихаттың  мәжіліс залында  «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының активі өтті. Жиында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай  Елбасының өңірлік партия филиалдарының өкілдерімен өткен кездесуінде айтылған мәселелер қорытындыланды. Сондай-ақ мереке қарсаңында бірқатар жерлестеріміз салтанатты түрде партия қатарына қабылданды.

Жиынға саяси кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары-фракция мүшелері, аумақтық филиал төрағалары мен бірінші орынбасарлары, облыстық филиал жанындағы консультативтік-кеңесші органдарының мүшелері, партия ардагерлері мен белсенділері, мемлекеттік органдар басшылары, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері қатысты.

Актив отырысын ашқан облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Ғали Есқалиев Қазақстанда 2012 жылдан бері – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесі аталып өтілуде екенін, аталған күн кездейсоқ таңдалып алынбағанын атап өтті. – Дәл осы күні 1991 жылдың 1 желтоқсанында  қазақстандықтар таңдау жасап, дауыс беруі кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жетті. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі ерекше. Республиканың Тұңғыш Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықты  жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты, –  деді Ғали Нәжімеденұлы.

Күн тәртібіне сай баяндама жасаған «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың баяндауынша, ағымдағы жылдың 21 тамызы күні Елбасы, «Nur Otan» Партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan»  партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда Елбасы партия жұмысын жүйелі жаңғыртудың «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасын ұсынды. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облыстық филиалында 29 061 партия мүшесі тіркелген, олар 262 бастауыш партия ұйымдарында есепте тұрады. Осыған орай, пилоттық жоба ретінде партияның Шыңғырлау аудандық филиалында партиялық кадрлық резервіне ядролық электораттың қалыптастыруына байланысты жұмыстар жүргізілді. «Nur Otan» партиясының Шыңғырлау аудандық филиалында партиялық кадрлық  резервіне 36 үміткер тіркеліп, барлығы да жоғарыда аталған кезеңдерге қатысты. 2019 жылдың 16 қарашасында осы партия мүшелері 36 партиялық кадрлық  резервіне үміткерлер үшін дауыстарын берді. Елбасы, Партия Төрағасы тапсырған бағыттардың бірі – «ядролық электоратты» шоғырландыру, партияға жаңа есімдерді тарту. Осы бағытта аудандық партиялық кадрлық резерві 55 % жаңарған.

«Nur Otan» партиясының Шыңғырлау аудандық филиалында партиялық кадрлық  резервіне сайланған 36 партия мүшесімен болашақта қосымша жұмыстар ұйымдастырылатын болады. Бүгінде облысымызда 132 мыңнан аса жас бар. Партия оларды үнемі қолдап, барлық жағдайын жасауға тырысады. Бұл партияның басым бағыты. Үкіметпен бірлесіп, 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы әзірленуде екен. Бағдарлама жастардың барлық көкейтесті мәселелеріне жауаптарды қамтитын болады.  «Таза сессия» аясында мемлекеттік екі жоғарғы оқу орындарында сауалнамалар жүргізілген.

Өз кезегінде сөз алған облыстық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Сүлейменнің айтуынша, депутаттық фракция мүшелері тұрғындардың мәселелерін, мұң-мұқтажын анықтап, жедел түрде шешу жолдарын қарастырып, мемлекеттік және уәкілетті органдар, әр деңгейдегі мәслихат депуттарымен бірлесіп тығыз жұмыс жасауда.  Фракция жетекшісінен бастап депутаттар селолық округтерде, елді-мекендерде жиындар мен кездесулер өткізіп келеді. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жұмысы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес атқарылып келеді. Жыл басынан бері фракция жиналысының бес отырысы өткізілген.  Фракцияның жұмыс жоспарына сәйкес партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша партиялық жеті тәлімгерлердің есептері тыңдалыпты.

– Жыл басынан бері депутаттарға азаматтардан 2394 арыз түсіп, оның ішінде облыстық депутаттар – 275, қалалық депутаттар – 165, аудандық депутаттармен 1954 арыз қаралды. Бүгінгі таңда барлық келіп түскен арыз шағымдардың 34%-ы оң шешілді. 187 нұротандық депутат әлеуметтік желілерде жеке парақшаларын ашып, атқарған жұмыстарын көрсетуде. Ауыл шаруашылығын қолдауға жыл сайын жергіліктті бюджеттен қомақты қаржы бөлініп келеді. Дегенмен жергілікті бюджеттің шектеулі болуына байланысты өткен жылдың корытындысында облыстағы мал шаруашылығына 1 125 344 мың теңге берешек қалыптасып, ағымдағы жылдың қаражатынан толық төленді. Батыс Қазақстан облысының шаруашылықтарын ынталандыру мақсатында жоспарлы көрсеткіштерді орындауға биылғы жылға қаралған қаржы жетіспейді, бұл өз кезегінде көрсеткіштердің орындалмау қаупі бар дегенді білдіреді. Батыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімімен ағымдағы жылға мал шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттен 3 264 072 мың теңге бөлінді. Аталған мәселе бойынша орталық атқарушы органдарға субсидиялауға қосымша қаражат бөлу жөнінде өтінімдер бірнеше рет жолданды, жылдың соңына дейін қаражат бөлінбеген жағдайда облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан наразылық тууы мүмкін. Облыстық партия төрағасының тапсырмасына сәйкес фракция мүшелерінің белсенділігін арттыру мақсатында 25 облыстық мәслихат депутаты өз округтері бойынша 34 ұсыныстар мен проблемалық мәселелерді көтеріп, сол бойынша жылдың соңына дейін және 2020 жылдың соңына дейін шешу жолдарын қарастырып, жұмыстанып жатыр, – деді Серік Кенжебекұлы.

Жиында «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, «Зияткер» бастауыш партия ұйымының Аида Маратова биыл еліміз өзінің Тәуелсіздігінің 28 жыл­дық мерейтойын атап өтетінін, осы аралықта Қазақ­станның Тұңғыш Прези­денті – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың басшылы­ғымен еліміз биік белест­ерге көтерілгенін тілге тиек етіп, «Зияткер» бастауыш партия ұйымының ағымдағы жылы атқарған келелі істеріне тоқталды.

Актив отырысын қорытындылаған өңір басшысы Ғали Есқалиев облыстық партия филиалдарына, сайланбалы органдардың мүшелеріне және бастауыш партия ұйымдарына жұмыстарды одан әрі күшейту мақсатында нақты тапсырмалар беріп, ҚР Тұңғыш Президент күнінеқарсаңында бірқатар азаматтарға партия билеттерін табыс етті.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
407 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
358 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
697 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1168 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1540 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1343 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1899 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2520 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2682 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2688 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2741 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2746 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2261 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3225 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3275 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3268 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3891 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3852 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3847 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3817 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3977 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»