БАС ИМАМ БӨРЛІ АУДАНЫНДА
ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев өңірлік мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Бөрлі ауданы, Ақсай қалалық мешітіне арнайы іс-сапармен барды.

Іс-сапар барысында Бөрлі ауданының әкімінің орынбасары Е.Ихсановпен кездесіп, кездесу барысында ел аумағындағы діни ахуал жайын сөз етті.
Қасиетті жұмада бас имам Мұратбек Қыстаубаев Бөрлі ауданы, Ақсай қалалық мешітінің жамағатымен жүздесіп, мұсылманның тұлабойында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтитын «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын түсіндіріп, «Салиқалы әйелдің сипаты» тақырыбында уағыз айтты. Бас имам өз сөзінде: «Халқымыз «Отан – отбасыдан басталады» деген. Кез келген қоғамның маңызды институттарының бірі – отбасы. Ал отбасы мен қоғамның тұрағы ол – әйел. Баланың иманды, ер-жігіттің ұстамды болуына әйелдің әсері өте көп. Ертең елді басқаратын, халықты жақсылыққа бастап, имандылыққа ұйытатын тұлғалардың өмірге келуіне әйелдер үлкен себепкер болады. Ал Абдуллаһ ибн Амр әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте былай делінген: «Алла Елшісі: «Бұл дүние (мен оның ішіндегі нығметтердің бәрі де) уақытша берілген. Ондағы нығмет атаулының ең абзалы – салиқалы әйел». Әйел салиқалы болса, отбасы түзеледі. Отбасы түзелсе, ел түзеледі. Ел түзелсе, имандылық, ізгілік, қайырымдылық, жанашырлық, адамгершілік секілді құндылықтар салтанат құрады. Имандылық салтанат құрған қоғамның берекесі мен бірлігі, жақсылығы артады. Жақсылығы артқан ел бақытты өмір сүреді. Алла Тағала баршамызға бақытты өмір сүруді нәсіп етсін!» деп өз сөзін қорытындылады.
Сонымен қатар бас имам сапар барысында ауыл ақсақалдарымен кездесіп, Бөрлі ауылдық мешітінің де жай-күйімен танысты.
Үміт Жәңгірова, Бөрлі ауданы


Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу