8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қараша 2019 2398 0
Қоғам

ФАРИЗАНЫҢ ЖАУҺАР ЖЫРЛАРЫН ОҚЫДЫ

Оралда Қазақстанның халық ақыны,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Жауһар жырды жүрегінде тербеген» қалалық Фариза оқулары өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және Жастар жылы  аясында өткен байқауды Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Байқауға қалалық колледждер мен ЖОО студенттері қатысып, екі кезең бойынша сынға түсті. Нақтырақ айтқанда, ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу және ақын сөздеріне жазылған әндерді орындау. Байқау қатысушыларына ақын, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Ерен енбегі үшін», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарының иегері Дариға Мұштанова, ғалым-ұстаз, «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі Талап Қуаныш, ақын, Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешенінің ұстазы Назгүл Каримова, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Кайрлиев, облыстық Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облысы филармониясының әншісі Айбар Қайырханов әділ бағаларын берді.

Қорытындысында бірінші номинация – ақын өлеңдерін жатқа оқудан  1-орынды Мамут Зафура, 2-орынды Алмас Айнұр мен Махамбетова Аружан, 3-орынды Қадырғалиұлы Аслан, Есқалиева Гүлдана, Дәрібай Мирас иеленді.

2-номинация – ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындаудан Орынбасаров Ермахан, 2-орынды Темірбек Ұлпан, Тастенова Арна, 3-орынды Сәлімгереев Нұрқат иеленді.

Жеңімпаздар дипломмен және естелік сыйлықтармен және барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.

Кітапхана қорынан жасақталған  «Жыр жұлдызы Фариза» кітап көрмесімен  оқырмандар жақын танысты.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
62 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
115 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
90 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»