8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қараша 2019 1740 0
Өзек

ОРАЛДА ТАҒЫ БІР АЗАМАТ КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛДЫ

Оралдық өрт сөндіруші көпірден секірмек болған азаматты құтқарды.

Оқиға 10 қарашада таңғы сағат 4.00 шамасында «Депо» көпірінде болған. Бұл уақытта №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, азаматтық қорғау кіші сержанты Дияс Демешев осы жерден таксимен өтіп бара жатып, көпірдің қоршауынан жартылай асып тұрған азаматты байқайды. Көлікте Диястың жұбайы және достары болған. Дияс жүргізушіден дереу көлікті тоқтатуды сұрап, секірмекке оқталып тұрған ер азаматты өзіне тартып,  алып шыққан.

Есінен танып қалған азаматқа жедел жәрдем көлігінің қызметкерлері көмек көрсеткен. Одан кейін оның кім екенін анықтау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылыпты.

– Диястың адамды құтқарғаны туралы ешкім білмес еді. Арада екі күн өткенде оның таныстары бізге келіп болған оқиғаны баяндап берді, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкері Жәдігер Құсайынов.

Бұған дейін 20 жасар қыздың көпірден секірмек болғанын жазған болатынбыз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»