ҚАРУДЫ ПАЙДАЛАНУ ҚАҒИДАЛАРЫН БҰЗҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Орал қаласы аумағында жүргізілген «Қару» жедел алдын алу шарасы барысында учаскелік инспекторлар 500 үйді аралап, тексеру жүргізді.

Орал қаласы Полиция бөлімі, Абай мен Шаған полиция бөлімдері қызметкерлері 5 күн ішінде Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қодекстің 484-бабымен 62 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Яғни, кодекстің азаматтық, қызметтік қаруларды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзу туралы бабын бұзған азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олар әкімшілік хаттама негізінде айыппұл төлейді.
Атап өтейік, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қодекстің 484-бабында Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзғаны үшін жеке тұлғалар – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтіні көрсетілген. Бұл бір жыл ішінде екінші мәрте қайталанса, жеке тұлғаларға – жиырма, заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу