ЗАМАНДАСЫН ТОНАҒАН ҚЫЗ БАЛА СОТТА ЖАУАП БЕРМЕК
БҚО Полиция департаменті полицияға телефонын ұрлатқан 22 жасар Бәйтерек ауданының тұрғыны шағым түсіргенін хабарлады.

Шағымданушының мәлімдеуінше, белгісіз қыз бала үйдің кіреберісінде ашық түрде оның телефонын алып кеткен. Жедел-іздестіру барысында Орал қаласы Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары қылмысты жасаған азаматшаны анықтап, ұстады. Ол 22 жасар Орал қаласының тұрғыны болып шықты.
«Айфон» маркілі телефон иесіне қайтарылды. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 191-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлім етті.
Айта кету керек, 191-баптың 1-тармағында жазылғандай, тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу