8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қараша 2019 5096 0
Өзек

АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЖЫЛҚЫЛАР ҮШ АЙДАН СОҢ ТАБЫЛДЫ

Осы жылдың шілдесінде белгісіз тұлғалар Тасқала ауданы Айнабұлақ ауылында 60 жасар ауыл тұрғынының асыл тұқымды екі жылқысын қора жайынан ұрлап кетіп, оған 2 млн. 485 мың теңге шығын келтірген.

БҚО Полиция департаментінің қылмыстық полиция қызметкерлері мен Тасқала аудандық полиция бөлімі жүргізген жедел-іздестіру шаралары арқылы қазан айында ұрлықты жасаған қылмыстық топ ұсталды. Күдікті 1991 және 1995 жылғы Орал қаласының тұрғындары болып шықты. Олар жылқыны ұрлап, шекарадан асырып, Ресей Федерациясының Саратов облысындағы таныстарында тығып ұстаған.

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта жылқылар иесіне қайтарылды. Ал күдіктілерге қатысты Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, өндіріс сотқа жолданып отыр.

Жылқылардың иесінің айтуынша, сәйгүліктер бұған дейін аудандық, облыстық, республикалық аламандарға қатысып, талай рет жүлделі орындарды иемденген. Алайда, ұрланып, үш айдан кейін қайтарылған жылқылардың салмақ қосқаны байқалған. Демек, қылмыскерлер жылқыларды семіртіп, етке тапсыруды  ойлаған болуы мүмкін.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
75 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
123 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
162 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
418 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
440 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»