8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қараша 2019 1946 0
Қалалықтар қаперіне

«ОРАЛ» ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 2021 ЖЫЛЫ ҒАНА АЯҚТАЛАДЫ

«Орал» халықаралық әуежайының ғимаратының жөндеу жұмыстары алдағы жылы аяқталмайтын болды. Бұл туралы Орал әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мамандары мәлімдеді.

«Орал» халықаралық әуежайын жаңғырту жұмыстары биыл жазда басталған еді. Жоспарға сәйкес нысанды 2020 жылдың аяғына қарай пайдалануға берілетіні айтылған болатын. Алайда, жөндеу жұмыстары тағы бір жылға созылмақ. Өйткені, ескі ғимараттың іргетасы өте қатты ескірген. Жаңа ғимаратты бұрынғыға жалғап салу үшін құрылыста ең бастысы іргесі мықты болуы тиіс. Сондықтан қазір құрылыс жұмыстары уақытша тоқтап тұр. Орал әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрғасының орынбасары Артур Досқалиевтің айтуынша, бұл жобаға қазынадан 2,4 млрд. теңге бөлінген.

Қазір қайтадан жоба қаралып, зерделеніп, қосымша құжаттар қайта дайындалу үстінде. Соған байланысты жөндеу шаралары тағы жарты жылға ұзартылуы мүмкін. Құрылысқа жауапты – «Казконтракшнгрупп» құрылыс компаниясы. Халықаралық әуежай басшылығы мәлімдегендей, құрылыс жұмыстары жүріп жатқандықтан, қазір қызмет барасында бірқатар қиындықтар туындауда. Жолаушылар екі сағат бұрын тіркелуде. Жаңғырту жұмыстары барысында қосымша ғимарат бой көтеретін болады. Бұрын сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсетілсе, жөндеуден соң 400 жолаушы әуежайдан шыға алады. Сонымен қатар ғимараттың көлемі екі есеге ұлғаймақ. Орал халықаралық әуежайы осыдан 40 жыл бұрын пайдалануға берілген болатын.

Айта кету керек, әуежай ғимараты 47 жыл бұрын салынған, содан бері жөндеу көрмеген. Ал 4 жыл бұрын апатты жағдайда болуына байланысты ұшу-қону жолағы жөндеуден өткізілді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
18 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
72 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
267 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»