8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қараша 2019 1568 0
Без рубрики

100 МЫҢ ТЕҢГЕНІ АЛЫП, ЖОҚ БОЛДЫ

5-6 қараша күндері Орал қаласы аумағында алаяқтық қылмыстарына тосқауыл қою және бұған дейін тіркелген алаяқтыққа қатысты қылмыстарды ашу мақсатында «Anti fraud» атты жедел алдын алу іс шарасы ұйымдастырылып, екі күнде 15 қылмыс ашылды. 

Екі күндік іс шара аясында Орал қ.ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері  2 алаяқтық  фактісін ашты.  Нақтырақ айтсақ, 1993 жылғы күдікті Орал қаласы «Ет комбинаты» ауданында болып, бейтаныс әйелдің  сеніміне кіру арқылы терезенің жақтауларын жасап бермек ниетпен 100 мың теңгені алып, ізін жасырған. 1959 жылғы  Орал қаласының тұрғыны, азаматша 100 мың теңге де, терезе жақтауының да жоқ екенін сезіп, полицияға аяқтай келіп арыз жазды.  Алаяқтық фактісі бойынша мекен жайға барған тәртіп сақшылары іздестіру жүргізді. Көп кешікпей алаятыққа қатысы бар күдікті құрықталып, теріс әрекеттерін мойындады. Аталмыш іс шара аясындағы екінші  факті порнографиялық мазмұндағы материалдарды бір әлеуметтік желіге заңсыз  жариялаған азаматшаның ұсталуына қатысты тіркелген болатын. Бұл алаяқтық фактісіне дереу ден қойған Шаған полиция бөлімінің сақшылары жарнамаларды заңсыз таратқаны үшін 1985 жылғы азаматшаны ұстап, бөлімге жеткізді.  Бүгінгі күні тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, бұған дейін әлеуметтік желілер арқылы жәйлі пәтерлерді жалға бермекші болып, тұлғалардың бірінен 20 мың, енді бірінен 21 мыңнан аса теңгені алып, алдап соққан алаяқтықққа қатысты 13 қылмыс ашылды. Бүгінгі күні Орал қ.ПБ ҚР ҚК нің 190 бабымен қылмыстық істер қозғап, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
86 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
132 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
170 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
423 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
445 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»