8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қараша 2019 2517 0
Қоғам

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асырудың жаңа тетіктері мақұлданды

Бүгін Үкімет отырысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асырудың жаңа тетіктері мақұлданды.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының 18-съезінде берген тапсырмасына сәйкес «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру басталды. Бұл жобаны тиімді іске асыру өңірлік бағдарламаларға жақсы негіз болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазанда өткен жиналыста осы мәселе бойынша нақты жұмыс ұйымдастыру керектігін атап өтті. Оның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту, оларды өңірлік стандарттар жүйесінде параметрлерге жеткізу», – деді талқыланған мәселе жайында қорытынды сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.

Оның айтуынша, жаңа әдістеме бойынша 3 477 перспективалы ауыл іріктелініп алынды. Оларда 6,6 млн адам, яғни, ауыл тұрғындарының 85 пайызы тұрады. Бұған қоса 2020-2026 жылдары жобаны қаржыландыру көлемі ұлғайту мәселесі пысықталды. Барлығы 900 млрд теңгені құрап отыр. Жобаны іске асыру аясында 7 жылдың ішінде ауыл инфрақұрылымын жақсарту, 7 мың шақырымнан астам ауылдық жолдарды, инженерлік желілерді салу және жөндеу, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын салу, сонымен қатар 130 мың жаңа жұмыс орындарын құру арқылы шамамен 7 млн ауыл тұрғынының тұрмыс сапасын жақсарту күтіледі.

«2019-2020 жылдары шамамен 300-ден астам даму әлеуеті жоғары ауылдарды толық жаңғырту жоспарланған. Бұл ауылдық аумақтар жалпы елдің дамуына күшті серпін береді. Жобаның бастапқы қарқыны жақсы. Оны іске асыруды белсенді жалғастыру қажет. Жалпы жобаны іске асырудың аталған тәсілдерін мақұлдауды ұсынамын», – деді Үкімет басшысы.

Ақпарат көзі:  inform.kz 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
109 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
84 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»