8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қараша 2019 1786 0
Өзек

МАС КҮЙДЕ КӨЛІК БАСҚАРЫП, ӨЗГЕЛЕРДІҢ ӨМІРІН ҚИДЫ

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері масаң күйде басқарған жүргізушілердің қатысымен 19 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 21 адам жарақат алып, 2 адам қаза болды.

Жүргізушілердің барлығы дерлік мас күйінде рөлге отыруға болмайтынын біледі, себебі мас адамның салғырттығынан жазықсыз адамдар зардап шегетін жол апаты орын алуы әбден мүмкін. Алайда, көптеген автоәуесқойлар заңнама нормаларын сақтамай, ішімдік ішкен күйде көлік айдауды жалғастырады. Осыған мысал, жуырда сағат 13.20-да Бөрлі ауданында Бөрлі ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының қызметкерлері  1968 жылғы  азаматтың басқаруындағы «Hyundai Sonata» маркілі автокөлігін тоқтатады. Тексеру кезінде көлік жүргізушісі «орта дәрежедегі» мас күйі жағдайында болғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің  346-бабы 1-бөлімі  (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазанның 19-ы күні сағат 08.20 кезінде Бөрлі ауданы Ақсай қаласында 1986 жылғы азамат «LadaGranta»  маркілі автокөлігін масаң күйде басқара отырып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Лада-21114» маркілі автокөлігімен соқтығысады. Жол көлік апаты салдарынан «Лада-21114» автокөлігіндегі 1950 жылғы және 1948 жылғы ерлі-зайыптылар оқиға орнында қаза болды. Ал келесі автокөлік жүрізушісі және оның екі жолаушысы түрлі жарақаттарымен Ақсай қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
75 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
123 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
162 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
418 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
440 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»