8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қараша 2019 1504 0
Қоғам

ҚАЙЫРШЫЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

Жасөспірімдер қылмысын алдын алу, оқудан қашып, қайыршылықпен айналысып жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында 30 қазан мен 2 қараша аралығында «Қайыршылық» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жедел алдын алу шарасы барысында 88 жасөспірім анықталып, түнгі уақытта заңды өкілдерісіз жүргені үшін ата-аналары жауапқа тартылды. Балалары алдындағы міндеттерін орындамағаны үшін 13 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды.

Жыл басынан бері Шаған  полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі  мектеп инспекторлары бірлесе ұсақ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бірнеше рейд ұйымдастырды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексінің 434-бабымен 93 дана әкімшілік хаттама толтырылды. Рейд барысы мен кешенді тексерістер  көрсеткендей, «Жәңгір хан», «Зачаганск», «Жадыра» сынды ірі сауда үйлері маңайында, азық-түлік дүкендеріне іргелес аймақтарда ұсақ құқық бұзушылықтарға жиі орын берілетіні белгілі болды.

-2019 жыл басынан бері Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабымен 27 әкімшілік хаттама толтырылып, 30 қазан мен 2 қараша аралығындағы «Қайыршылық» атты жедел алдын алу іс шарасы кезінде 10 әкімшілік хаттама толтырылды. Жеңіл өмір сүру қамын ойлап, көзіне көрінген жаннан алақанын  жайып тиын-тебен сұрайтындардың дені кешқұрым шығады, түнде кездестіреміз, аталмыш жедел алдын алу іс шарасына учаскелік полиция инспекторлары өзінің аймақтарын қадағалап зор үлестерін қосты, – дейді түнгі рейдтен оралған Шаған полиция бөлімінің инспекторы полиция капитаны Элмира Құлтаева.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
78 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
124 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
163 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
419 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
441 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»