8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қараша 2019 2214 0
Қалалықтар қаперіне

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК – 2019» ПРЕМИЯСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

         «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығы  «Жомарт жүрек – 2019» премиясын ұйымдастыруда. Шараның  мақсаты – белсенді азаматтар мен демеушілерді, үкіметтік емес ұйымдарды, волонтерлерді және кәсіпкерлерді туған жерін дамытуға үлес қосқандары үшін марапаттау.

Қатысуға өтінімді қоғамдық пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүрген заңды жеке тұлғалар, және сонымен қатар олармен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар пакетін ұсыну және қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім негіз болып табылады.

Жеке және заңды тұлғалардың: төмендегі қызметтері қарастырылмайды:

  • коммерциялық табыс табуға;
  • ғибадат ғимраттарын салу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
  • мемлекеттік және кәсіби мерекелерді өткізуге демеушілік көмек көретуге бағытталған қызметтері қаралмайды.

«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары келесі номинациялар бойынша анықталады:

«Жыл меценаты»  – Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы  жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін;

«Туған өлке» – Елді мекендерді аббаттандыруға, демалыс бақтарды, алеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет,білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін;

«Жүректен жүрекке» – Аз қамтылған, көп балалы, отбасыларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге өтеусіз көмек көрсеткені үшін;

«Әлеуметтік саланың дамуына қосқан үлесі үшін» –  Денсаулық сақтау, мәдениет, білім және спорт саласында құрылыс, жөндеу, демеушілік көмек көрсету үшін;

«Жылдың қайырымды адамы» – Бұл номинация адамдарға түрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметі үшін беріледі (Тек жеке тұлғалар үшін);

«Жылдың әлеуметтік – жауапты мекемесі» – Компанияның немесе ұйымның ірі қайырымдылық жобалары мен акцияларын жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмектің жаңа тиімді нысандарын енгізгені үшін және қоғамдық маңызы бар іс-шараларға бас демеушілік жасағаны үшін (Тек заңды тұлғалар үшін);

«Жылдың ҮЕҰ» –  Ел азаматтарының өмірін жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру үшін;

«Алтын Ұя» – Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық орналастыруды дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін;

«Жыл азаматы» – Өңірде өмір сүруді жақсартуға бағытталған белсенді азаматтық ұстаным үшін;

«Жыл еріктісі» – Ерікті қызметке белсенді қатысқаны үшін;

«Батыл жүрек» – Өмірлерін құтқару кезінде батырлық іс-әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін.

 

Құжаттар ағымдағы жылдың 12 қарашасына дейін Ж.Молдағалиев көш.,19-үй, 108-бөлме мекенжайы бойынша қабылданады.

Анықтама телефондары: 8(7112)93-35-49, 8-775-252-10-02 Гүлзия Ахметова.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
110 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
85 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»