8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қазан 2019 23912 0
Мәслихат жаршысы

ОРАЛДА ОҢДЫ ІСТЕР КӨП

           Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қалалық мәслихаттың кезекті 36-сессиясында шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, биыл атқарылған және жасалып жатқан жұмыстар туралы  жергілікті депутаттар алдында есеп берді. Сессия жұмысына депутат Валентина Михно төрайымдық етті.

Шаһар басшысының айтуынша, қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға, шағын және орта бизнесті өркендетуге, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымдарын жетілдіруге, инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған барлық жұмыстар  Мемлекет басшысының халықтың тұрмыс жағдайын арттыруға бағытталған және басқа да берілген тапсырмаларын іске асыру үшін атқарылуда. Жыл сайын жаңадан емдеу мекемелері, мектептер мен балабақшалар, өзге де әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Жолдар мен желілер жөнделіп, аулалар абаттандырылуда. Күні бүгінде қаланың жалпы бюджеті 56,7 млрд. теңгені құрайды. Қала бюджетінің басым бөлігі білім беру, 26 пайызы құрылыс, 18 пайызы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы  саласына бағытталған. Тоғыз ай ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 126,9 млрд. теңгені құрап отыр, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,1 пайызға көп.  Қаланың  аграрлық секторында 56 ауыл шаруашылық  құрылымы  бар. Мал шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі тұрғындардың шаруашылық үлесінен басым. Есепті кезеңде  қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 60,2 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі таңда қалада  31 153 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.  1045 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға және жабдықтауға берілген. Ұлттық банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банкілер арқылы  шағын және орта бизнес субъектілері     19 051,0 млн. теңге несиемен қамтылған.  Ағымдағы жылы облысымызға мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға жалпы сипаттағы трансферт көлемінен 1,6 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі күні сомасы 223,3 млн. теңге болатын 19 жоба қаржыландырылған. Есепті кезеңде қала тұрғындарының саны 313 173 адамға жеткен. Жыл басынан бері 1846 отбасына 19,3 млн. теңге көлемінде тұрғын үй көмегін алған. Бүгінгі таңда  51күндізгі жалпы орта білім беретін мектептерде 49949 оқушы білім алуда. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3467 оқушыға артқанын көрсетеді. Соңғы жылдары Зашаған, Сарытау  шағын аудандарында жаңа үйлердің салынып, халықтың көшіп келуіне байланысты  оқушылар саны көбеюде, осының тарапынан  мектептер үш ауысымда оқытуға  көшіп отыр. Қазіргі таңда «Ақылды қала» бағдарламасы аясында үлкен жұмыстар жүргізілуде. Қаланың 49 мектебі кең жолақты ғаламторға қосылды, бұл үшін жалпы сомасы  47376 мың теңге бөлінген. «Нұр-Отан» партиясының қолдауымен №4 жалпы орта білім беретін мектебінде, №42 «Ақ ниет» гимназиясында және Оқушылар сарайында жаңа форматта безендірілген ІТ-сыныптар ашылды. Биылғы оқу жылында №31 және №33 орта мектептер апатты деп танылды. Қазіргі уақытта №33 мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаға сараптаманың оң қорытындысы алынып, тиісті қаражатты бөлу үшін бюджеттік өтінім жолданса,  №31 мектеп  құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Биылғы жылдың жоспарына сай Зашаған кентінен төрт көппәтерлі тұрғын үйді, қаланың солтүстік-шығыс бөлігінен  екі үйді пайдалануға беру жоспарлануда. «Ақжайық» шағынауданының, яғни 12  тұрғын үй кешенінің құрылысы басталған.  Сол секілді шаһарда күре жолдың күрмеуі де шешіліп, көптеген көшелер күрделі жөндеуден өтті, кварталішілік жолдардың құрылысы да қарқынды жүруде. Осы мақсатқа бағытталған 285,1 млн. теңгеге  барлығы 45 көше жөнделген.  Жиында депутаттар қала басшысына жөндеуден өткен Жамбыл көшесінің жиектастары сапасыз материалдан орнатылғанын, мердігерлердің жауапсыздығынан аула аумақтарында қолайсыздықтар орын алып жатқанын жеткізді.

Бүгінде қала аумағында 386 аула аумағы есепке алынған. Соның 313-і жөндеуден өткен. Қазіргі таңда 15 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталса, оның 8-інде балалар алаңқайы жасақталған. Осы орайда қала әкімі Абат Абайұлы бұл сұрақтың көкейтесті екенін, мердігерлер тарапына айтылған сын-ескертпелер негізінде олардың тиісті жазаға тартылатынын, өз істеріне жауап беретінін айтты. Сондай-ақ шаһар басшысы халық қалаулыларын ел игілігі жолында бірлесе жұмыстануға шақырды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
46 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
231 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
272 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
550 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
562 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
688 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
990 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1082 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1108 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1319 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1590 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1816 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1855 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2002 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2200 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»