8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қазан 2019 1647 0
Өзек

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ ШАҒЫМ КӨП

Қазіргі уақытта Орал қаласында алты кәсіпорын жолаушылар тасымалын қамтамасыз етеді. Нақтырақ айтқанда, қалаішілік, қала маңындағы ауылдар және саяжай аумақтары бойынша 41 бағытта автобустар бар.  Соңғы жылдары автобустарды жаңарту жолға қойылды. Десек те, қоғамдық көліктердің қозғалысына қатысты жолаушылардың шағымы аз емес.  Мамандардың айтуынша, бұл саладағы басты мәселе – жүргізушілердің жетіспеуі болып отыр.

–  Тасымалдаушы кәсіпорындарда жүргізушілердің жалақысы әр түрлі. Орта есеппен 55-65 мың теңге аралығында. Олар күніне 15-16 сағаттан жұмыс жасауға мәжбүр. Өйткені ауыстыратын жүргізушілер жоқ. Сәйкесінше, олар демалысқа шыққан күндері автобустар желіге шықпай қалуы мүмкін. Сол себепті тұрғындар тарапынан наразылық туындауда, – деп толықтырды бөлім басшысы.

Шағымның көп түсіне байланысты бұған дейін «ПАП №1» ЖШС қызмет көрсеткен №10 және 14 бағыттағы маршруттар енді «Ақжол-авто» ЖШС-ға берілмек. 70 шақты аялдаманы қамтып, 80 шақырымдай жол жүретін №6, Деркөлдегі «Сарыарқа» шағынауданынан Зашаған кентіндегі «Балауса» шағынауданына дейін қатынайтын №7 бағыттағы автобустарға да жолашуылардың шағымы аз емес. Бөлім басшысы «Омега» ауданында қайта салынып жатқан өткел ашылған соң маршруттарды оңтайландыру жоспарланып отырғанын жеткізді. Демек бір-бірін қайталайтын қоғамдық көліктердің қозғалысы өзгертіліп, кейбірінің жолы қысқартылатын болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
263 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
601 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
317 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»