ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ АРНАЙЫ КӨЛІКТЕРДІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҮШІН ҚОСЫМША ЖОЛАҚ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Оралдағы Н. Назарбаев даңғылы мен Еуразия даңғылында бөлінген қозғалыс жолақтарын іске қосу жоспарлануда. Бұл қоғамдық және арнайы көліктерінің жүруіне арналған. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық көлік қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы жаңашылдық туралы Орал қаласы әкімдігі хабарлады.

М. Мәметова көшесінен Ж. Молдағалиев көшесіне дейін Назарбаев даңғылында, Назарбаев даңғылынан Гагарин көшесіне дейін Еуразия даңғылында бұл үшін шеткі оң жақ жолақ бөлінеді. Бұл жаңашылдық апаттылықты азайтуға, жолаушының жолдағы уақытын қысқартуға және қоғамдық көліктің айналуын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар күзгі-қысқы кезеңде қарды жинау және шығару бойынша қалалық қызметтердің жұмыс тиімділігін арттырады.
Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, маршруттық автобустардан басқа бөлінген жолақты шұғыл қызметтік тапсырманы орындай отырып, көк және қызыл түсті жарқылдауық маягі қосылған жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарының жүргізушілері пайдалана алады. Сондай-ақ оған құрылыс, жөндеу немесе жинау жұмыстарын орындау кезінде қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдау маягі қосылған көлік құралдарының жүргізушілеріне, жеке күзет ұйымдарының жедел ден қою ұтқыр топтарының, жолдағы көліктік бақылау органдарының жылжымалы бақылау-өткізу пункттерінің жүргізушілеріне рұқсат етіледі.
Қоғамдық көлікпен және ресми тіркелген таксимен жүруге Заңмен тыйым салынбаған. Жоғарыда көрсетілген көлік құралдарынан басқа, бөлінген қозғалыс жолағында аялдауға және тоқтап тұруға тыйым салынады.
Қоғамдық көлік үшін бөлінген автобус жолағында жүргені үшін жауапкершілікке тартылып, 2019 жылы 3 АЕК (7575 теңге) құрайды және ҚР ӘҚБтК 601 бабы бойынша жол белгілері немесе жол белгілері ережелерін бұзу ретінде түсіндіріледі. Кез келген таңбалардың немесе жол белгілердің бұзылуы бірінші құқықтық бұзушылықтан кейінгі жылдың ішінде қайталанған бұзушылық болып саналады және 10 АЕК (25250 теңге; ҚР ӘҚБтК 601-бабының 2-тармағы) мөлшерінде айыппұл салынады.
Қала әкімдігі жол қозғалысының барлық қатысушыларын түсіністікпен қарап, жол қозғалысы ережелерін сақтауларын сұрайды.



Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу