8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қазан 2019 2445 0
Қоғам

ОРАЛДА Ж.РАХИМОВАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОКАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да ҚР Еңбек сіңірген әртісі,  доцент Жұмағаным Рахимованың 65 жас мерейтойына арналған І Халықаралық вокалистер конкурсы ұйымдастырылды.

Мақсат – Қазақ мәдениетінде кейінгі ұрпаққа табиғи талантымен өшпестей із қалдырып, өзінің таланты мен кәсіби біліктілігін өскелең ұрпаққа дәріптеп, вокалды өнер саласындағы дарынды жас орындаушыларды қолдап, классикалық вокалдық музыканы кеңінен насихаттау.

Аталмыш шараның  гала-концертінің шымылдығы Халықаралық «Серпер», «Жұбанов көктемі» фестивальдерінің лауреаты Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен ашылды. Кейін университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Әсет Сембайұлы мен «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенесары Бекболатұлы сөз алып, кеш иесін мерейлі мерекесімен құттықтады

Екі күнге созылған вокалистер байқауына 21 үміткер қатысып, бақ сынады. Конкурс екі кезең бойынша өтті.  Алғашқы кезеңде қатысушылар Батыс Еуропалық композиторлардың арияларын, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Әшір Молдағайыновтың шығармаларын орындады.

 

Одан әрі күміс көмей, жезтаңдай әншілер әуелетіп ән шырқап, көрерменге қуаныш сыйлады. Көптен күткен сәтте  келіп жетіп, кіл мықтылар сынға түскен сайыстың жүлдегерлері де анықталды. Қазылар алқасының шешімімен Әліш Бейбарыс байқаудың гран-при иегері атанса, Әзиза Әбдірайым мен Алтынбек Әбілда жүлделі І орынды қанжығаларына байлады. Ал Айбек Хайролла, Талғат Аллабиринов, Нұрай Қабылова байқаудың  ІІ орынын иемденді. ІІІ орын Нұрсәт Алмас, Мадина Битимова, Нұржайнар Әбілхайырова, Ақбота Молдағайыноваларға бұйырды. Сондай-ақ, қызылордалық Салтанат Мұратқызы мен нұр-сұлтандық Карина Нәжмеддиноваға Ж.Рахимова атындағы арнайы жүлде мен диплом, нұр-сұлтандық Айбек Аллабиринов пен Мирас Абдиға Ә.Молдағайынов атындағы арнайы жүлде мен диплом, қызылордалық Диас Омар мен Чингис Бозовқа «Вокал Академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан арнайы жүлде табысталды. Өнерге қадам басқан жас таланттарды тоғыстырған байқау жоғары дәрежеде өтіп, өз мәресіне жетті.

Азиза СҮЙІНІШҚАЛИЕВА,

фотосуреттерді  түсірген Рафхат Халелов

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су басқан үйді бағамдады
21 Мамыр 2024
63 0
Қалалықтар қаперіне
Полиция қызметкерлері аялақтарды ұстады
20 Мамыр 2024
190 0
Қоғам
Қос ананың өмірін толғаған
20 Мамыр 2024
146 0
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
413 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
601 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
597 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
1037 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
1107 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
1123 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
1144 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
1168 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1535 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1661 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1689 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1967 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1977 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
2105 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»