БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАДИША БӨКЕЕВА ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ АУЫСТЫ
Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының директорының міндетін атқарушы болып Салтанат Абулгазиева тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев таныстырды.

Салтанат Мақсотқызы Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы Саз колледжінен драма актері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясынан театртанушы мамандығын алған. Өнертану магистрі.
Еңбек жолын М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Көрермендермен жұмыс жасау бөлімінің менеджері болып бастаған ол әр жылдары аталған театрдың баспасөз қызметінде, Алматы қаласындағы «Елім-ай»ЖШС-ында қоғамдық ұйымдармен жұмыс бөлімінің жетекшісі, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында баспасөз хатшысы, қоғаммен байланыс жасау бөлімінің жетекшісі, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметі бөлімінің жетекшісі, театр директорының орынбасары болып жұмыс жасаған.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы оқу театрының басшысы және театр өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының оқытушысы болды.
2018 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Қазақстан театрлары ассоциясының атқарушы директоры болып келді.
Жеткен жетістіктері:
2016 ж. Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған медальдің иегері.
2017 ж. «Экспо-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы мәдени бағдарламалардың аясында өткен 17-26 маусым аралығындағы Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналған І Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалінің, 8-12 шілде аралығындағы Қазақстан Ұлттық (этникалық) театрларының IV Республикалық фестивалінің, 2-8 қыркүйек аралығындағы жас режиссерлердің I Республикалық форум-фестивалінің, 9-13 қыркүйек Әшірбек Сығайдың 70 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXV республикалық фестивалінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысып, қазақ театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының атынан алғыс хатпен марапатталды.
2018ж. ІI Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалініңұйымдастыру жұмыстарына қатысып «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы директоры Ж.Сейдолла атынан алғыс хатпен марапатталды. Сол жылы 1-8 шілде аралығында Мәскеудегі А.Чехов атындағы Мәскеу көркем театры мұражайынан тәжірибе алмасудан өтіп анықтама қағаз алды.
2018 жылдың 30 қазан – 6 қараша айлары аралығында Талдықорған қаласында ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен Астананың 20 жылдығы мен көрнекті мемлекет қайраткері Т.Жүргеновтің 120 жылдығына арналған VII Орталық Азия елдерінің халықаралық фестивалін ұйымдастыруға ат салысты.
2018ж. Қазақстан «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының лауреаты.
2019ж. 20-25 қыркүйекте Семей қаласында көрнекті театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінің жоғары дәрежеде өтуіне ат салысты.
Айта кетейік, 2014 жылдан бастап аталмыш театрды Қуаныш Амандықов басқарған еді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу