ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ 70 ПАЙЫЗЫ ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН БОЛАДЫ
Жыл басынан бері Оралда 118 жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 34 адам көз жұмып, 151 азамат түрлі деңгейдегі жарақат алыпты. Бұл туралы бүгін Орал қаласы әкімдігінде өткен брифингте айтылды.

Орал қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция майоры Жәнібек Дүйсемов жол-көлік оқиғаларының көбеюіне ауа-райының қолайсыз болуы, көліктердің көбеюі себеп екенін айтты. Мәселен, осыдан он жыл бұрын облыс аумағында 133 мыңнан астам көлік тіркелген болса, қазір қаланың өзінде 143 526 көлік бар.
– Жылдамдық режимін тіркеу құрылғыларының алынып тасталуы да жол-көлік оқиғаларының артуына себеп болды деп айта аламыз. Өйткені әр үшінші жол-көлік оқиғасы жылдамдық асырудың себебінен болады. Мысалы жылдың алғашқы алты айында 66 жол-көлік оқиғасы орын алып, 13 адам көз жұмған болса, одан кейінгі төрт айда 48 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 21 адам көз жұмды. Мамыр айында патрульді полиция батальонының қайта ұйымдастырылуына байланысты жол полициясы қызметінің штатында 46 полицейдің жетіспейтіні анықталды. Қазір қала аумағындағы жол қауіпсіздігін бақылауға алу үшін тәулігіне 100 қызметкер шығуы тиіс болса, іс жүзінде 50 қызметкер ғана шығып жүр. Яғни, қаланы толықтай қамти алмайды, – деді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ж.Дүйсемов.
Сондай-ақ Жәнібек Рахымұлының сөзіне сүйенсек, орын алған жол-көлік оқиғаларының 70 пайызы Ресей мен Армениядан әкелінген көліктердің қатысуымен болады екен. Тіптен ол көліктің иелері оқиға орнынан бой тасалауға бейім. Шетелден әкелінген көліктер еш жерде тіркелмегендіктен, оларды заңды түрде жауапқа тарту әзірге мүмкін болмай тұр.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу