ЖЫЛЫТУ ПЕШТЕРІН ТЕКСЕРТІП АЛЫҢЫЗ!
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жылыту маусымына орай ағымдағы жылдың 15 қазанынан 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығын бастады. Бұл кезеңде департамент қызметкерлері азаматтарды жылыту жүйесі және электр жабдығын пайдаланудың ережелерімен ақпараттандырады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Нұралы Мусиев мәлімдеді.

Нұралы Қажымұқанұлының айтуынша, ағымдағы жылдың басынан Батыс Қазақстан облысының аумағында 453 өрт тіркелген. Шығын 11 млн. теңгеден асқан. Тілсіз жаудың кесірінен бес адам қаза тапса, 15 адам жарақат алған. Тұрғын үй секторында 307 өрт тіркелген. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында БҚО ТЖ департаменті қызметкерлері тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығын бастады.
БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша облыс аумағында 1436 әлеуметтік-осал отбасы бар. Департамент қызметкерлері өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау профилактикалық жұмыстарымен халықты 100 пайыз қамтыды. Демалыс күндері әлеуметтік осал отбасыларды қайта аралау жұмыстары басталған. Профилактикалық жұмыстарға департаменттің жеке құрамынан 1550 адам жұмылдырылып, 12772 аула аралау жүргізілген. Төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ газ өткізу және иілу кезінде өрттерде адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында тұрғын үйлерде ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 592 дана көлемінде табиғи газ датчиктері орнатылған. Барлық орнатылған датчиктерге үнемі мониторинг жүргізіледі. Өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізу барысында рейдтік топтарға «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қызметкерлері де қосылған. Олар жылыту пештерінің ақаулығы анықталған жағдайда, сол жерде оларды жою бойынша шаралар қолданады. Дереу жою мүмкін болмаған жағдайда, газ қызметінің диспетчерлік пультіне неғұрлым егжей-тегжейлі қарау үшін өтінім жібереді. Тексеріс жұмыстары Сарытау, Арман, Көктем, Локомотив, Жазира аудандары мен Самал-3, Балауса ықшам аудандарында, 1, 2-саяжай, Құс фабрикасы, Коминтерн, Деркөл, Курени аудандарында жүргізілген.
Жылыту маусымы қарсаңында волонтерлер сауда үйлерінде, сауда-ойын-сауық орталықтарында «Улы газға назар аударыңыз!», «Табиғи өрттердің пайда болу себебі» жадынамаларын ілді, онда Instagram, «bezopasnyi_region 07» әлеуметтік желілерінде тіркелу көрсетілген.
Қазіргі уақытта «07 live» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – қоғам игілігі үшін қоғамдық пайдалы қызметтің өмірлік маңызды дағдыларын дамыту арқылы жастарды қоғамдастық өміріне тарту, сондай-ақ жас ұрпақтың әлеуметтік міндеттерді шешуге мол үлес қосуы. Жобаны «Шабыт» шығармашылық бастамалар орталығы» ҚБ жүзеге асырады, әлеуметтік тапсырыстың операторы Батыс Қазақстан облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу