8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қазан 2019 1793 0
Қоғам

«МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА БІЛІМДІ ӘРІ ЖАС АЗАМАТТАР КЕЛУІ ТИІС»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде мемлекеттік қызметкерлердің жаңа буынын қалыптасыру мақсатында, өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттігін айтқан болатын. Тұңғыш рет инновациялық технологиялар, инженерия, кәсіпкерлік қызмет, медицина, экономика, мәдениет және басқа да көптеген салаларда елеулі нәтижелерге қол жеткізген жас қазақстандықтарда резервке іріктеуден өтуге және елдегі жоғары мемлекеттік, басқару лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік пайда болды. Олар іріктеуден өтіп, резервке ілініп, келешекте жоғары лауазымдарға тағайындала алады.

Жалпы кадрлық резерв — болашақта мемлекеттің тізгінін ұстайтын жас шамасы 35-тен аспаған және еңбек өтілі 5 жылдан кем емес мамандарға жоғары лауазымдарға тағайындалуға мүмкіндік беретін жаңашыл институт. Резервке өту үшін бірнеше кезеңді еңсеру қажет. Алдымен кандидаттардың теориялық білімі тестіленеді. Сосын көшбасшылық қасиеттері, сыни ойлау деңгейі анықталып, стратегиялық көзқарасы, үміткерлердің уәждемесі мен құндылықтары бағаланады. Осы сындардан сүрінбей өткен үміткерлер Президент әкімшілігінің Сарапшылық комиссиясында әңгімелесуге жіберіледі. Ең соңында осы сынақтардың барлығының нәтижесі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында қаралады. Резервке ілінгендер 5 жыл ішінде министр мен оның орынбасары, облыс және республикалық маңызға ие қалалардың әкімі, орталық мемлекеттік органдардың басшысы, ұлттық компаниялар мен ұлттық басқарушы холдингтердің басқару кеңесінің мүшесі немесе төрағасы бола алады. Тіпті, оған жетпеген күннің өзінде орталық мемлекеттік органдардар мен жергілікті атқарушы органдарда жоғары лауазымдарды тізгіндеу мүмкіндігі ашылады. Бұл бастаманың көңілге жылылық ұялататын тағы бір тұсы бар. Іріктеліп алынған кадрлар(жастар) бірден жоғары лауазымдарға қойыла салмайды. Олардың барлығы Назарбаев университеті мен Президенттің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қосымша сапалы білім алады. Президенттің кадрлық резервіне енген азаматтар өз елімізде білімін жетілдіре отырып, біздегі жергілікті жағдайдың ерекшеліктерін, халықтың менталитетін бұрынғыдан да тереңірек тани алады. Біздің басты міндетіміздің бірі – халық үшін қызмет ету. Ал халыққа қызмет ететін мем­лекеттік қызметшілердің ішін­де жастардың орны ерекше. Себебі бүгінгі жастардың басым көп­ші­лі­гі­ – мақсатшыл, позитивті, ойлау қабілеттері ұшқыр. Сол үшін де Елбасының бұл үндеі – жастар үшін үлкен мүмкіндік.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
139 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
383 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»