БҚО СОТТАРЫ 100 ПАЙЫЗ ДЫБЫС-БЕЙНЕ ЖАЗУ ЖҮЙЕСІМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН
Еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым міндет сараланып, Жоғары сот төрағасы Жақып Асанов «Сот жүйесін дамытудың жеті түйіні» бағдарламасында алдағы уақытта орындалар мақсаттарды белгілеп берген болатын. Одан әрі даму мақсаты болып сот төрелігіне сенімді арттыру және сот төрелігінің әділдігін, оның жауапкершілігін және тәуелсіздігін, сот шешімдерінің жоғары сапасын және судьялардың біліктілігін арттыру арқылы құқық үстемдігін қамтамасыз ету болып белгіленді. Солардың бірі – Е-сот немесе смарт сот жобасы. Е-СОТ шеңберінде халық пен сот қызметкерлерінің ІТ қызметтерін жүз пайыз пайдалануына жағдай туғызылмақ. Бұл жоба негізінде сот саласында электронды жүйелерді қолданып, қағаз айналымын барынша азайту мақсат етілген. Өңірлік комуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте БҚО сотының төрағасы Бек Әметов облыс соттарында аталмыш жобаның жүзеге асырылу барысына тоқталды.

Бек Әметов мәлім еткендей, ағымдағы жылдың тоғыз айы ішінде «Сот кабинеті» сервисі арқылы соттарға 12 785 талап арыз, 659 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, 12 329 әкімшілік істер мен материалдар түсті. Яғни, соттарға түскен барлық талап арыздар мен өтініштер, әкімшілік материалдар мен шағымдар 100 пайызға жуығы «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолданған. Облыс бойынша қазіргі уақытта 67 сот мәжілісінің залдарында дыбыс-бейне жазу жүйесі бар. Нақтырақ айтқанда, 100 пайыз жабдықталған.
2019 жылдың 9 айында 4229 сот отырысы тағайындалған болса, 99,91 пайызы аудио-бейне жазуды қолдану арқылы өткізілген. Бейнеконференц байланыс жүйесі қашықтықтан сот отырыстарын өткізу мүмкіндігі берілді. Бүгінде бейнебайланыс жүйесіне арналған қондырғылар барлық Қылмысты атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) мекемелерінде бар. Жыл басынан 1302 бейнеконференц байланыс режимінде сот отырыстары өткен. Соның ішінде 192 сот отырысы аймақтық соттар мен өткізілсе, 798 сот отырысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) мекемелері арасында, ал 312 сот отырысы мобильді нұсқа арқылы ұйымдастырылған.
Сонымен қатар облыстық сот төрағасы аудандық және оған теңестірілген соттарда Виртуалды сот жобасы іске асырылғанын атап өтті.
– 2019 жылдың 30 қыркүйегіне Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мен Орал қалалық полиция бөлімі арасында видеоконференц жүйесін пайдалана отырып, 65 әкімшілік іс, қылмысты атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) мекемелерімен – 2 іс және 1- іс жергілікті соттар арасында каралды. Облыс бойынша 14 аудандық ішкі істер бөлімінде уақытшы ұстау изоляторларына бейнеконференц байланыс құралдарымен жабдықталды. Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде Орал қаласының тергеу соты Орал қаласының ІІО-мен 117 материал және ҚАЖД мекемесі 59 іс қарады, – деді Бек Әметов.
Тоғыз ай ішінде Батыс Қазақстан облысының соттарында 565 іс қағазы электронды түрде тіркелді, 1-іс жазбаша түрде қаралып 543-іс электронды түрде каралды. 2019 жылдың 9 айында 565 (12 ай 2018 жыл – 436) электрондық қылмыстық іс, 122 (0) электрондық санкция тіркелген. Оның ішінде 543 қылмыстық іс, 122 электрондық санкция қаралған.
Тараптардың сотқа келмей-ақ процеске қатысу мүмкіндігі де іске асты. Азаматтар үйінен, жұмыс орнынан немесе шетелде жүріп-ақ сот мәжілісіне гаджет арқылы қатысумен қаралған істер саны өсуде, – деді облыстық сот төрғасы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу