ОРАЛДА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ТӘУЕЛСІЗ БАҒДАРШАМ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Оралдағы Назарбаев даңғылы бойында электр энергиясына тәуелсіз бағдаршам нысаны іске қосылды.

Шақырту құрлығысы бар бағдаршам нысанын жаяу жүргіншілердің өздері реттей алады. Бағдаршам энергияға тәуелсіз, яғни металл аркада орнатылған LED-нүктелі жарықтандыру жарықдиодтары күннен уақыт алады.
Аталған нысанды «ЗенитТехСервис» ЖШС өз қаражаттарына орнатып отыр. Дайындағандар – ресейлік «НПФ Спектрон» ЖШС. Аталмыш компанияның коммерциялық директоры Гарри Бассавиннің айтуынша, Ресейде мұндай бағдаршам нысандары соңғы екі-үш жылдан бері қойылуда.
– Қазақстан бойынша алғаш рет тәжірибемізді Орал қаласына әкелдік. Кешен жүргінші үшін де, жүргізуші үшін де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Сондай-ақ шұғыл қызметтерді шақыру тетіктерімен жабдықталған, – дейді Гарри Бассавин.
Нысандағы тетікті басқанда ғана бағдаршамның жасыл түсі 30 секундқа жанады. Осы уақытта жүргіншілер жолдан өте алады. Қосымша тетіктер «102» және 103» қызметтерін шақырып, осы қызметтердің операторларымен сөйлесуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ нысанда бейнебақылау камералары орнатылған.
БҚО Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, Полиция полковнигі Жанболат Жаншин атап өткендей, қалада жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары аз емес. Жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 82 жол-көлік оқиғасы орын алып, 26 адам көз жұмған, 67-сі түрлі дене жарақатын алған. Бұл бірінші кезекте жаяу жүргіншілердің жолда жүру мәдениетінің төмендігінен екенін атап өту керек. Сондықтан жаңа бағдаршамның жол-көлік оқиғаларын азайтуға септігі зор болмақ.
Қала әкімінің орынбасары Бекжан Тоғжанов алдағы уақытта осындай нысан қаланың басқа аумақтарына орнатылатынын жеткізді. Сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге азаматтық белсенді ұстанымын білдірген «ЗенитТехСервис» ЖШС басшысы Көшербай Айғожаұлына қала әкімінің алғыс хаты табыстады.
Қазіргі уақытта жаңа бағдаршам орналасқан Назарбаев даңғылы мен Алмазов көшесі қиылысында «Гаухар жолы» қоғамдық бірлестігінің еріктілері жүргіншілерге бағдаршам нысанын қолдануды үйретуде.






Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу