8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қазан 2019 4039 0
Қоғам

ГҮЛ ЖҰМАҒЫНЫҢ ХАНШАЙЫМЫ

          Бақытгүл (Хризантема) Жапонияда сакура, бамбук, орхидея сияқты ерекше қастерлі гүлдердің қатарына жатады. Бақытгүл жайында шығыс аңызында былай делінеді: «Залым да қу ақ айдаһар тіс батырмақ болып көктегі  Күнге ұмтылған екен. Ақ айдаһардың тісі мен тырнағы «жұлып түскен» күн сәулелері шашыраған жерде бақыт гүлдері өсіп шығыпты. «Өмір бақи бақытты болғың келсе, хризантема өсір» дейді екен қытай даналығы. Өткен сенбі  күні Оралдағы орталық көрме залында облыстық мәслихат депутаты Ляна Тұрсынованың қолдауымен жұпар шашқан бақытгүлдердің көрмесі өтті. Қызыл, жасыл, ақ, сары рең шашып, әдемілігімен келушілерді  көз қуанышына айналған Күз ханшайымдарына таңқалмасқа лажың жоқ.

Бұл гүл жұмағының қожайыны Мичурин ауылының тұрғыны Валентина Горбунова жеті жылдан бері мультифлорлы хризантема күзгі гүлдерін өсіруді кәсіпке айналдырған.  Оның гүлдерді жақсы көретіні соншалық, тек өз үйін емес, бүкіл қаланы көркейтуден де аянып қалар емес.  Бұл күні Валентина көрмені тамашалаушыларға өзінің хошиісті және балғын гүлдерінің  әр түрлі сұрыптары, күтімі туралы кеңестерімен бөлісті.  – Гүлдер әлемі таңғажайып дүниеден сыр шертеді. Олардың әрқайсысының өзіндік орны, ерекшеліктері бар. Бақытгүлі – көгалдандыруда алғашқы орындарға ие болып келе жатқан көпжылдық, шөптесін бақша гүлі. Гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі. Биіктігі мен гүлдеу уақыты сұрыптарына байланысты әртүрлі боп келеді. Ол жаздың күзге ауысқан мезгілінен қар жауғанға дейін молынан гүлдейтін бірден-бір өсімдік. Бақытгүлін әсіресе, жапондар қатты қадірлейді. Жапон елінде бақытгүліне қатысты жыл сайын тойланатын дәстүрлі «Бақытгүлі»  мерекесі бар. Бірде ғаламтордан гүлдеп тұрған хризантема бұталарын көріп, көз алмастан қарадым. Алғашында  фотошоппен өңделген сурет деп ойладым. Бірнеше уақыттан соң ғаламтордан гүлдердің суреттері ашылды. Қызығушылығым оянып, тереңірек іздеуге кірістім. Сөйтсем, мультифлор хризантема өсірудің жаңа әдістері біздің өңірімізге де ене бастаған екен. Негізінен, француз, неміс, голланд түрлерін өсіруге болады екен. Ғаламтор арқылы тоғыз бұтаға тапсырыс бердім. Алғашқы тәжірибем балконға гүл отырғызудан басталды. Маған қатты ұнай бастады, сосын жиынтығымды көбейте бастадым, – дейді Валентина. Көптеген көпжылдық бақша гүлдерінің арасында мультифлор хризантема ерекше орын алады. Бұл оның сұрыптары мен гүлдерінің көптігіне байланысты емес, керемет гүлдердің тамыз айының басынан бастап, қара күзге дейін бақшамды безендіріп,  ұзақ уақыт гүлдеп тұруында, – дейді кейіпкеріміз.  Валентина ауласына алдымен 40 түп бақытгүлдің бұтасын отырғызыпты. Мұның өзін көп деп ойлаған ол, нәтижесінде гүлдер жиынтығын қалай көбейткенін байқамай да қалыпты. Бүгінде бақытгүлдің 150 сұрыпы оның ауасында жайқалып тұр. – Тіптен, гүлге ғашық болғаным соншалық, қалай тоқтатарымды білмеймін. Гүлдер  менің өмірлік тынысым. Бақытгүлдердің көбісі ресейлік коллекционерлерден алынды. Олардың біздің өңіріміздің табиғатына төзімділігін бақылап  отырамын. Себебі Қиыр Шығыстан әкелінген сұрыптар біздің ауа-райына төтем беруі неғайбіл. Мәскеудегі Григорьевский жылыжайынан, Украинадан, Новороссийскіден әкелінген сұрыптар қазір батыстың табиғатына бейімделді.  2011 жылы гүлдер жиынтығымды көп судың мөлшерінен солдырып алған едім. Қыста ашық топырақта гүлдерді қалдыруға болмайды, сол себепті бақытгүлдің 60 түрін жертөледе сақтадым. Мичурин ауылын су басу кезінде гүлдерімді су шайып кетті.  Хризантема суықтан үсімейді, бірақ су ол үшін қауіпті. Сол кезде көңіл күйім түсіп, салы суға түстім, өзімді қолға алып сосын бәрін басынан бастадым,  – дейді ол.

Валентинаға көрме залында бақытгүлдің барлық жиынтығын әкелу мүмкін болмапты. Өйткені, кейбір сұрыптары гүлдеуін тоқтатқан.  Оның айтуынша, мәселен, Бранбич  неміс сұрыпты өнім  ерте гүлдейді екен, гүлі ұзақ сақталады.  Ал Браниндио мультифлорлы хризантема тамыз айының соңынан бастап қазан айының ортасына дейін көп гүлдейді. Ал алыстан қызылды-жасылдыгүлдерімен көз арбайтын Бранчили ешкімді бейжай қалдырмайды. Брандав мультифлорлы хризантема сұрыпының диаметрі 2,5-3 сантиметр. Гүлдері шар тәрізді дөңгелене үрілген. Түстері ақ, жасыл, ортасы сары реңк беріп тұрады.  Диаметрі төрт сантиметр болатын Bransky plum сұрыпты түрі ашық қара өрік тәрізді. Бранфонтейн, Брандроял сұрыптарының биіктігі 40-70 сантиметр. Жаклин Пич сұрыпының ерекшелігі сары-қызыл, сары-көк секілді екі түрлі реңк беруінде. Джиджи сұрыпына сүйсінбейтін адам кемде-кем. Оның гүлдері жылдық және көпжылдық, шөпті және жартылай бұта. Олардың тамырлары беткіге параллель өседі. Жапырақтары ашық жасыл немесе қараңғы. Гүлдер себеттерге ұқсас. Олар жаздың немесе күздің соңында гүлдейді.  Валентина әрбір гүлді қалай баптауды да жатқа біледі. Олардың адамға жақсы көңіл күй мен  мереке сыйлайтын қасиетін барынша қастерлейді. Ал, ауласындағы гүл бағы әдеміліктің белгісіндей.

– Қыркүйек айында Мичурин ауылының тұрғыны Валентина Горбунова есімді тұрғыннан өтініш келіп түсті. Ол гүл өсірумен айналысатынын айтып,  қазанның 12-сі күні  орталық көрме залында гүлдердің жиынтығын тұрғындардың назарын ұсынғысы келетінін жеткізіпті. Мен өзім гүлдерді өте жақсы көремін. Әсіресе, бақытгүлдерін. Сол себепті қызығушылық танытып, Валентинаның өтінішін орындадым, – дейді аталмыш көрменің ұйымдастырылуына ықпал еткен кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Ляна Тұрсынова.   Бұл күні қалалықтар көрме залына бақытгүлдің сан түрін тамашалауға асыққан оралдықтар саны көп болды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
171 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
197 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
457 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
936 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1314 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1193 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1672 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2290 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2454 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2462 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2514 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2517 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2108 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2995 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3049 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3042 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3659 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3624 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3615 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3590 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3751 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»