8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қазан 2019 1404 0
Қоғам

Отбасы мүшесі жұмысқа орналасудан бас тартса АӘК төленбейді

Еңбекке қабілетті азамат жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда бүкіл отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылады.

«Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ең басты шарт – отбасының жұмыс істеуге қабілетті мүшесі жұмыс істеуі тиіс және өз отбасы үшін жауапкершілігі бар. Бұл тұрғыда біз оларға шартты ақшалай көмек түрінде қол ұшын беріп, ол ауласында қандай да бір жеке шаруашылығымен айналыса бастауы үшін бірнеше ай бірреттік АӘК төлейміз. Аз қамтылған отбасылардың жұмыссыз азаматтарға бағытталған жұмыспен қамту бағдарламасының әлеуетін барынша пайдаланамыз», – деді министр. Оның атап өтуінше, АӘК алушыларға бос жұмыс орындары, жеңілдетілген шағын несие, қайтарымсыз грант және жаңа кәсіпті үйрену ұсынылатын болады. Бұл ретте «Еңбек» бағдарламасына өзгертулер енгізілмек. Атап айтқанда, шағын несие бұрынғыдай 5 жыл емес, 7 жылға жылдық 4 пайызбен ұсынылады. Шағын несие сомасы да «ауыл», «қала» деп бөлінбейді. Ал көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды жұмыспен қамту бойынша мақсатты индикаторға жергілікті атқарушы орган жауапты болады. «Егер отбасының жұмыс істеуге қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыстан немесе жұмыспен қамту шарасынан бас тартатын болса, онда тек оған ғана емес, бүкіл отбасыға төлем тоқтатылады», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

https://www.inform.kz/kz/otbasy-mushesi-zhumyska-ornalasudan-bas-tartsa-aak-tolenbeydi-ministr_a3572792

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
62 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
115 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
90 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»