8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қазан 2019 3167 0
Қоғам

БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ БАЙЫПТЫ ҚАРАЙЫҚ!

Бүгінгі жас буын – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы. Сондықтан, ұрпақ тәрбиесі әрдайым басты назарда болуы керек. Кешегі ата-бабаларымыз: «Баланы – жастан…» деп баланы жасынан өнегелі өмірге, адалдыққа, имандылыққа баулыған. Обал, ұят деген сөздер қазақ баласының санасына ерте жастан ұялайтын. Жалпы, дінімізде ұрпақ адамға сынақ, аманат ретінде беріледі. Жас балаға жақсы мен жаманды, ізгілікті үйрету ата-анасының басты міндеті болып саналады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде: «Ата-ананың бала алдында үш міндеті бар. Олар балаға жақсы ат қою, дұрыс тәрбие беру, уақыты келгенде үйлендіру», – дейді.

Біз сырттан келетін рухани шабуылға төтеп беру үшін, бірінші кезекте ұлттық тәрбиемізді нығайтуымыз керек.  Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрін түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Осы орайда «Баланы қалай тәрбиелеу керек?» деген сұраққа асыл дініміз не дейді деп жауап іздестіріп көрелік. Бала – ата-ананың қолындағы аманат. Олардың жүректері пәк, таза, гауһардай құнды. Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Кез-келген пішінге салуға болады. Құнарлы топыраққа ұқсайды. Құнарлы топыраққа не ексең, соның жемісін аласың. Сондықтан бала неге бейімделетін болса, сол бойынша бағыт алады, сол бойынша өседі. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Балаларға иман, Құран кәрім және Аллаһу та’аланың әмірлерін үйретіп сонымен жүруге дағдыландырса, дін және дүние бақытына қауышады. Бұл бақытқа, сауапқа ата-анасы, ұстазы да ортақ болады. Егер балаға бұларды үйретпесе және бұларды әдетке айналдырмаса ол бала бақытсыз болады. Әрбір жасаған жамандықтарының күнәсі ата-анасына, ұстазына да жазылады.
Шығыстың Аристотелі атанған әл-Фараби бабамыз: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қасы, жауы», – деген. Балаға тәрбие анасының құрсағында жатқан кезден бастап беріледі екен. Дінімізде мынандай бір ғибратты әңгіме бар: «Баяғыда үлкен ғұлама адамға бір сүт сататын әйел келіп: «Сіздің балаңыз күнде шелегімді бізбен тесіп тастайды. Бала-шағамды бағатын күнделікті күнкөрісімнен қағылып жүрмін», – деп баласының үстінен шағым айтады. Әйел кеткен соң ғалым бала тәрбиесінде қай жерден қателік жібердім деп қатты ойланады. Кешке үйге келген соң әлгі оқиғаны әйеліне айтып, мүмкін бала тәрбиесіндегі жіберген қателігімізді сен байқаған шығарсың? – дейді. Әйелі ұзақ ойланып отырып: «Енді есіме түсті. Осы балаға ауыраяқ кезімде лимонға жерік болдым. Бірде көршінің үйіне кірсем, үйінде ешкім жоқ екен. Дастарханда бір табақ лимон тұр. Қызығып кетіп, біреуін инемен тесіп, шырынын сорған едім», – дейді. Сонда ғалым қателіктің қай жерден кеткенін түсініп, сүт сатушыдан кешірім сұрап, сүттің ақысын қайтарып берген екен. Бұл әңгімеден алатын ғибратымыз баланың ішкен асына дейін адалдан болуы керек. Өкінішке орай, біз баламыздың қарны тоқ, көйлегі көк болғанына қуанамыз. Ал табыстың қандай жолмен келгеніне көп көңіл бөлмейміз. Сондықтан, әрбір ата-ана адал кәсіппен мал тауып, бала-шағасын адал жолмен асырауы керек.
Тәрбиелі, ізгі ұрпақ – адамның артында қалдыратын асыл қазынасы. Ізгілікті перзент ата-анасының ісін жалғастырып, аманатын орындап, үздіксіз оларға дұға жасап отырады.
«Бала тәрбиесіне» қатысты айтылатын бүгінгі күндегі ең өзекті мәселеле – бүгінде ғаламтор деген «алпауыттың» пайда болуы. Ия, расында біз заман жаңарған сайын технология мен техника өседі. Одан ешқайда қашып құтыла алмаймыз. Өркениеттің жақсылығы да, жаманшылығы да бірге жүреді. Бәрімізде интернет бар. Өкінішке орай, әлі де болса соны қалай ұтымды пайдалану жолын толық меңгермегенбіз. Әсіресе, бесіктен белі шықпаған жас сәбилердің қолынан қымбат айфондар мен планшетті көргенде баланың болашақ денсаулығын және рухани санасына әкелетін зиянын ойлап, жаның күйзеледі. Компьютерлік ойындардың көпшілігі қатігездікке баулитыны баршамызға аян. Сонымен қатар, әртүрлі теріс бағыттағы діни ағымдар жаңа технологияны кеңінен пайдаланып жас ұрпақтың санасын улауда. Сондықтан, ұрпақ тәрбиелеп отырған әрбір ата-ана баласының виртуальдық әлемдегі іс-әрекеттеріне үнемі бақылау жасап отыруға міндетті. Сонымен қатар, бізде қазіргі кезеңде баланы еңбекке баулу тәрбиесі мүлдем ұмыт болып бара жатыр. Қолдан келгенше баланы еңбекке араластырып, спорттық жаттығуларға қатысуына мүмкіндік жасаған жөн.
Алла Елшісі (с.ғ.с.) балаларға атқа мініп шабу, суға жүзу, күрес, садақ тарту сияқты спорт түрлерін үйретуді насихаттаған. Жалпы, спорт баланы сергектікке, батылдыққа, тәртіпке және көпшілдікке тәрбиелейді. Дін тарихына көз жүгіртсек, Алла Елшісі (с.ғ.с.) жас бала Әнес (р.л.ғ.) сахабаны тәрбиелеуге мол тер төккен. Жасында әділдікке, сыр сақтауға үйретіп, Әнестің тәрбиелі азамат болып өсуіне зор үлес қосқан. Хазіреті Әнеске айтқан тәрбиелік сөзінде: «Мұсылмандардың үлкеніне құрмет, кішілеріне ізет көрсет», – деген екен.
Балаға жасынан имани тәрбие беру – жас жеткіншектің бойына адамгершілік, адалдық, әдептілік сияқты көркем мінезді қалыптастырады. Өкінішке орай, біз балаға білімнің әр саласын үйретуге тырысамыз. Алайда, мінез-құлық тәбиесіне көп назар аудармаймыз. Бала бірнеше шет тілінде еркін сөйлеп тұрса да, оның бойында ұлттық тәрбие болмаса, оның қазақ қоғамына берер пайдасы шамалы болады. Бірінші кезекте жас ұрпақ бойына ұлттық тәрбиені көбірек дарытуымыз керек. Біздің барлық ұлттық тәрбиелік құндылықтарымыз имани тәрбиемен сабақтас. Ел болашағын ойласақ келешекте ұлттық тәрбие беретін пәндерді мектеп бағдарламаларына кіргізуіміз керек.
Асыл дінімізде айтылғандай әрбір мұсылман адамның шаңырақ көтеріп, ұрпақ сүюі, тәрбиелі ұрпақ өсіру басты міндеті болып саналады.
Бала – адамның бақыты. Алла Тағаланың берген үлкен сыйы және аманаты. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп: «Әкенің балаға берер ең жақсы сыйы – ол тәрбие», – деп бекер айтпаған. Заңғар қаламгеріміз Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе», – деуі осы хадиспен үндеседі.

Әсет РАМАНҚҰЛОВ, Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» мешітінің ұстазы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
168 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
194 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
454 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
933 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1311 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1190 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1669 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2287 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2451 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2459 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2511 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2514 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2105 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2992 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3046 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3039 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3656 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3621 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3612 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3587 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3748 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»