8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қазан 2019 19664 0
Мәслихат жаршысы

ҚАЛА БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

      Бүгін  депутат Лилия Хайруллинаның төрайымдық етуімен өткен Орал қалалық мәслихатының 35-кезектен тыс сессиясында 2019 жылға арналған қала бюджеті 56 727,1 млн. теңгеге нақтыланды.  Бұл туралы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова мәлімдеді.

        

Сессияның күн тәртібіне сай баяндама жасаған  қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Мұхитқызы 2019 жылға арналған Орал қаласының бюджетін 5 457,3 млн.теңгеге ұлғайту жағына нақтылауды ұсынды. Бөлім басшысының баяндауынша, республикалық бюджеттен – 652,1  млн.теңге,  ұлттық қордың қаражатынан – 472,9 млн.теңге, облыстық бюджеттен – 3 560,4 млн.теңге, қала бюджетінің кірістері – 771,9 млн.теңге қаражат бөлінген.  Республикалық бюджеттен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге және азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарына еңбекақыны арттыруға бөлінген трансферттер сомасы нақтыланған. 10,9 млн.теңге қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі тік жоспарлау, кварталішілік өту жолдарын салу, су бұру, жарықтандыру жұмыстарын жалғастыруға бағытталады. Ұлттық қор қаражатынан халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі           іс-шаралар, оның ішінде жұмыссыздарды кәсіптік оқытумен қосымша қамтуға көзделген. Ал облыстық трансферттер 8 тұрғын үйдің құрылысын жалғастыруға – 3 239,8 млн.теңге (Зачаганск кентінде – 5 үй, қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде – 3 үй),  100,0 млн.теңге «Ақжайық» шағын ауданын электрмен жабдықтау жұмыстарын жалғастыруға, 238,9 млн.теңге оқулықтар сатып алуға, 101,4 млн.теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге, сондай-ақ қаланың мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік тапсырысты орналастыруға – 50,0 млн.теңге қарастырылған.  Қалалық бюджеттің есебінен жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарының аяқталуына, оларды сараптамадан өткізуге – 32,2 млн.теңге, 30 млн. теңге жолаушылар тасымалын субсидиялауға, 94,4 млн.теңге жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жол-көпір шаруашылығын және көше жарығын ұстауға – 225,0 млн.теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жаңғырту бағдарламасы бойынша 111,5 млн.теңгеге 4 тұрғын үйді жөндеуге, білім беру объектілерінің ағымдағы шығындары – 133,3 млн.теңге,  азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамтамасыз етуге (гигиеналық құралдар, материалдық көмек төлеу) 61,8 млн.теңге, 10,0 млн.теңге сомасында спорттық іс-шараларды өткізуге, 11,2 млн.теңге сомаға ветеринариялық қауіпсіздік бойынша  іс-шараларға, жергілікті атқарушы органның резервін толықтыру және ЖАО борышына қызмет көрсетуге – 229,5 млн.теңге бағытталып отыр. Бұдан басқа, Зачаганск кентіне 30,6 млн.теңгеге санитарияны қамтамасыз етуге және Круглоозерный кентіне 15,3 млн.теңгеге кент көшелерін жарықтандыруға және санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге трансферттер қарастырылған. Аталған өзгерістерді ескере отырып, қалалық бюджет 56 727,1 млн.теңгені құрайды.

Сессия барысында қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылып, қала әкімдігі мүшелері мен дербес құрамы бекітілді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
151 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
182 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
433 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
916 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1293 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1178 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1651 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2269 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2433 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2441 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2493 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2496 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2093 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2975 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3027 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3022 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3638 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3604 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3595 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3570 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3731 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»