8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қазан 2019 2212 0
Қалалықтар қаперіне

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСА, АЛҒЫС АЛ!

Қазақстанның барлық өңірлерінде 1 қазан мен 1 қараша аралығында «Қайырымдылық айлығы» өткізіледі.
Бұл қарт адамдарға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне көмек көрсету бойынша мейірбандық акциясы. Аталған акцияның тарихы 1991 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1 қазан «Халықаралық қарттар күні» деп жарияланғаннан басталды.
Облыс әкімдігінің «Қайырымдылық айлығын» өткізу туралы қаулысына сәйкес жыл сайын Орал қаласы бойынша қалыптасқан дәстүрді сақтауда қайырымдылық айлығы өткізіледі. Орал қаласы әкімдігі әрқайсыңыздың қайырымдылық айлығына белсенді қатысуыңызды сұрайды. Осы орайда Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, мекеме-ұйымның еңбек ардагерлерін құрметтеу шараларын ұйымдастыруды және мүгедектерге, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, мұқтаж азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетуді ұмытпаңыз.
Қалада айлық аясында көмекке мұқтаж азаматтарға, қарттар мен мүгедектерге көңіл бөліп, қолдау көрсетуге дайын жанашыр азаматтар табыларына сенеміз.

Толық мәліметті мына мекенжайдан ала аласыздар: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 161, байланыс телефондары: 8(7112)93-35-72, 93-35-56, 93-35-57.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
126 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
371 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»