8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қыркүйек 2019 1750 0
Қоғам

Электр тарифін негізсіз көтерген екі ірі лауазымды тұлға сотталды

«Жезқазған электр тарату желісі» АҚ-тың бұрынғы бас директоры және Табиғи монополияға қарсы органның Қарағанды ​​облысы бойынша басшысының бұрынғы орынбасары тарифтердің заңсыз өсіргені үшін сотталды.

Осы жылдың басында облыстық прокуратура қызметкерлері тексеру жүргізіп, 2018 жылы «Жезқазған электр тарату желісі» АҚ-тың өкілдері ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды ​​облыстық департаментімен заңсыз байланысқа шығып, тарифті жоғарлату туралы өтініш түсіргені анықталды.

Өз кезегінде, Монополияға қарсы органның лауазымды тұлғалары өтінішті кері қайтарудың орнына монополисттің 2017-2020 жылдарға арналған тарифін өсіруін бекітіп, құжатқа қол қойған.

Осылайша ауыз жаласқан «Жезқазған электр тарату желісі» АҚ-тың және Монополияға қарсы органның жергілікті лауазымды тұлғалардың заңсыз бұл әрекеті тұтынушыларға 1,3 миллиард теңге көлемінде шығын келтірді. Осы факті бойынша Қарағанды ​​облысының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алып, тергеу кезінде күдіктілер өз кінәсін толық мойындады. «Жезқазған электр тарату желісі» АҚ-тың бұрынғы бас директоры үстінен аса ірі көлемде алаяқтық жасады, ал аймақтық монополияға қарсы орган басшысының бұрынғы орынбасары – жұмысқа үстірт қарағаны үшін іс қозғалып, ол сотқа жөнелтілді. «Қарағанды ​​қаласының Қазыбек би аудандық сотының үкімімен «Жезқазған электр тарату желісі» АҚ-тың бұрынғы бас директоры ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған оған 3 жыл 6 ай шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Осы соттың шешімімен облыстық монополияға қарсы орган басшысының бұрынғы орынбасары ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы 2-тармағы бойынша іс мерзімінің өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауапқа тартудан босатылды», деп Жезқазған облыстық прокуратурсының баспасөз қызметі.

Сонымен бірге,биылғы жылдың сәуір айынан бастап монополист тұтынушыларға келтірген шығынды өз еркімен өтей бастады. Бүгінгі күні өтелген шығын мөлшері шамамен 290 миллион теңгені құрайды.

 

https://kaz.zakon.kz/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
67 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
115 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
155 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
413 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
433 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»