«ЖАУЫНГЕРЛІК ДОС» ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТУ ТАПСЫРЫЛДЫ
Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасының «Жеке және отбасылық шиеленістерді ескерту, өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу» атты онкүндігі аясында іс-шаралар атқарылуда.
Бүгін басқарманың жеке құрамымен өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу мәселесіне арналған жиын өтті. Шарада бірінші сөзді Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Мажитов Рафхат Куанаевич алды. Сөз барысында басқарма бастығы жеке құрамға өзіне өзі қол жұмсауға алып келетін жағдайлардан аулақ болып, ең бірінші моральдық тұрғыдан күшті болу қажеттігін атады жəне «Жауынгерлік дос» жүйесі жұмысын одан əрі күшейтуді талап етті. Сонымен қатар отырыста облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психолог маманы Әсел Ғизатоллина өзіне өзі қол жұмсауға итермелейтін себептерге тоқталып өтті.
Психолог маман жеке құраммен психологиялық тренинг өткізді жəне тақырып бойынша бейнероликтер көрсетілді.
Версия для печати
Пікір үстеу