8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қыркүйек 2019 1741 0
Қоғам

ШЕШІМІН ТАПҚАН МӘСЕЛЕ КӨП

               «Nur Otan» партиясы – бүгінгі таңда алдымен, тарихи тағылымға, қоғамдық дамудың бай тәжірибесіне, руханият пен отаншылдықтың  қастерлі  қағидаларына арқа сүйейді. «Nur Otan»-ның  бастамасымен елімізде жасалып жатқан саяси жаңғыру мен реформалық үрдістерде демократиялық құндылықтар басым болып келеді. Сондықтан ол бүгінгі  қоғамда бүкіл қазақстандықтардың мүддесін қорғайтын партия  ретінде орын алып отыр. Бүгінгі күні «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі – сан сұрақтарға жауап іздер, келелі мәселелерге қозғау болар, халық пен билік арасындағы көпір іспеттес.

Батыс Қазақстан облысы бойынша 14 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс жасайды.  Жыл басынан бері 4016 азаматтан өтініш түсіп, оның 30 пайызы, яғни 1205 мәселе оң шешімін тауып отыр. Азаматтар өтініштерін ауызша, жазбаша, партия сайты мен e-gov электронды порталы арқылы немесе партияның жедел желісі арқылы қалдыра алады. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының 657, облыс, қала, аудан әкімдері мен орынбасарларының 142, мемлекеттік және құқық қорғау органдары өкілдерінің 288  қабылдаулары өтті.

Азаматтарды қабылдау алдын ала бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Ол кестелер партия филиалдарының дәліздері мен партияның nurotan.kz сайтында жарияланады. Сонымен қатар, партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде барлық министрліктер мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары қабылдау жасайды, ол қабылдауларға өңірлер бейнеселектор режимінде қатысып, азаматтар өз сауалдарын тікелей жолдай алады. Жыл басынан бері облысымыздың 12 тұрғыны дәл осындай қабылдауларға қатысты. Шалғай жатқан аудан тұрғындарымен skype құрылғысы арқылы қабылдаулар да өтіп тұрады. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің бастамаларымен өзекті деген мәселелер бойынша 532 тақырыптық қабылдау, 73 көшпелі қабылдау, 28 skype қабылдау өткізілді.

Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келуші азаматтардың өтініштерін саралай отырып, бүгінгі таңда қоғамды не алаңдататынын анықтауға болады. Мәселен, 1214 өтініш (30%) тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша түскен болса, 975 өтініш тұрғын үй және жер телімімен қамтамасыз етуге бағытталса, 833  өтініш әлеуметтік қамту, материалдық көмек, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселесіне қатысты. Коммуналдық қызмет, ауыз су, табиғи газ мәселесіне қатысты 487 өтініш түссе, денсаулық сақтау саласына 81, білім беру мәселесінде 72 өтініш келіп түскен. Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Халыққа көмек», «Заңгерлік көмек» жобалары аясында қабылдаулар өтеді. Бұл әр түрлі санаттағы азаматтардың сала мамандарынан тегін, сауатты кеңес алуына ұйытқы болып отыр. Сонымен қатар, облыстық адвокаттар алқасымен, облыстық әділет департаментімен бірлесе «Әділет кеңес береді» акциясы тоқсанына бір мәрте өткізіліп, азаматтарға құқықтық кеңес беріледі. Мәселен, Қазталов ауданы, Талдыапан ауылының тұрғындарының атынан малға су тапшылығы мәселесі көтерілген болатын, бейне-конференц байланысы арқылы өткен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтың қабылдауында болып, күні бүгінде «Қазсушар» РМК облыстық филиалымен бірлесе су тарту шаруасы қолға алынуда. Орал қаласындағы №33 жалпы білім беретін мектептің ата-аналарынан мектептің апаттық жағдайда екендігі, жағдайының сын көтермейтіндігі туралы өтініш келіп түскен болатын. №27 Иманов сайлау округінің депутаты Серік Кенжебекұлының араласуымен мәселе көтеріліп, тиісті қаражаты бөлініп, бүгінде жаңа мектеп құрылысы бастау алды. Теректі ауданы, Подстепное ауылының тұрғыны Н. есімді көпбалалы, жалғызбасты ана үйіне табиғи газ өткізу үшін қазандық алып беруді сұраған, облыстық мәслихат депутаты Н.Сәтбаев өтінішін қанағаттандырды. Сонымен қатар, Нұрғазы Сәтбайұлы партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне көмек сұрай келген қала тұрғыны көпбалалы отбасы И. есімді тұрғынға мемлекеттен берілетін тұрғын үйінің кезегі келгенше пәтер жалдауына көмек қолын созып отыр. «Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына Жаңақала ауылының тұрғыны А. есімді тұрғын жұмысқа орналасу мәселесімен келген болатын. Қабылдау жүргізген Жаңақала аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ж.Бақтыгереев негізгі мәселесін толық тыңдап, азамат ветеринарлық станцияға жүргізуші ретінде жіберілді. «Nur Otan» партиясы  Сырым аудандық филиалына қолдау сұрап келген зейнеткерге Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметкерлері бейжай қарамады. Жастар қарияның үйіне барып, ауласын тазалап, үйінің сыртқы қабырғасын  майлап, әктеу жұмыстарын жүргізді. «Nur Otan» партиясы  Бәйтерек аудандық филиалына келген Чуваш мектебінің директоры мектепке жеңіл жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек сұраған болатын, осы ретте облыстық мәслихат депутаты Иван Енютин құрылыс заттарымен көмек көрсетті. «Nur Otan» партиясы  Қаратөбе аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне облыстық мәслихат депутаты Құсайын Ізімұлы Мұқановтың қабылдауында болған Қ. есімді азамат мал шаруашылығын жүргізу мақсатында несие алу үшін құжаттарын реттеп беруге көмек көрсетуді сұраған болатын. Бұл ретте депутаттың көмегімен құжаттары жасақталып, 2 млн. теңге көлемінде несие алатын болды. Дәл осындай мысалдар өте көп. Бүгінде жылыту маусымына байланысты отынмен, мал азығымен көмек сұрай келген азаматтарға партия белсенділері көмек көрсетуде. Қоғамдық қабылдау бөлмесі тек жеке бастың қамы ғана емес, елдің жағдайына да қатысты мәселелер көтерілетін, көтеріліп қана қоймай шешімін табу тетіктері қаралатын орын.

«Nur Otan» партиясы  бүгінде жаңғырудың жаңа кезеңінен өтіп жатыр. Осы ретте халықтың, қарапайым тұрғындарың партияға деген сенімін нығайту – біздің басты мақсатымыз. Ол сенімге тек азаматтардың мәселелерін, сұрақтарын басты назарға ала отырып жетеміз деп есептеймін.

Гауһар ШАЙХИНИЯЗОВА, «Nur Otan» партиясы  Батыс Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
87 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
150 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
386 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
868 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1246 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1146 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1605 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2221 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2386 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2393 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2444 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2449 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2061 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2928 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2982 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2976 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3589 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3557 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3548 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3524 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3684 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»