ПАРАСАТТЫЛЫҚ – ОТБАСЫНАН
Парасатты қоғамның құрылысы адам өмірі бойы адалдық пен әділеттілікті дамытқан жағдайда ғана мүмкін болады. Дәл осы отбасында біз ерте жастан бастап балаларға осы құндылықтар туралы берік ұстанымдарды дарытып, өскелең ұрпаққа қоғамдағы этикалық мінез-құлықты көрсетіп, салауатты өмір салтын қолдауымыз қажет.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әділеттілік, парасаттылық, сенім сияқты негізгі құндылықтарына сүйене отырып, Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі демалыс күні «Отбасы күні» мерекесіне орай отбасымен бірге ұжымның спорттық турбазаға шығуын жүзеге асырды. Отбасылық командалар арасында спорттық жарыстар өткізіліп, нәтижесінде үш жүлдегер анықталды. Бірінші орынды – Қарымсақовтар отбасы, екінші орынды – Қапышевтар отбасы, үшінші орынды – Қуанышқалиевтар отбасы иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Таза ауада қызықты және көңілді отбасылық мереке барлық қатысушыларға өте ұнады және көптеген жағымды эмоциялар тудырды, бұл іс-шараны департамент дәстүріне енгізу шешілді.


Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу