«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІНЕ» ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНУДА
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығы, «Хабар агенттігі» АҚ, Республикалық «КТК» телеарнасы және «Өқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің бірлескен «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы жалғасуда. Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен бастап «Қайырымдылық керуені» ІІ Республикалық конкурсына өтінімдер қабылдау басталған. Бұл туралы сейсенбі күні БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында БҚО Іскер әйелдер қауымдастығы төрағасының орынбасары Ғалия Сатыбалдина және БҚО ішкі саясат басқармасының саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы Қалаубек Теміровтің қатысуымен өткен баспасөз мəслихатында мәлім болды.

– «Қайырымдылық керуені» ІІ Республикалық конкурсын ақпараттық қолдаушы – «КТК» телеарнасы. Жобаның мақсаты – қайырымдылық идеяларын дәріптеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту. Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен басқаларды мейірімділікке ынталандыруға үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Биылғы жылғы 2 қыркүйектен 29 қарашаға дейінгі кезеңде еліміздің барлық өңірінде конкурсанттарды іріктеу жұмысы жүргізіледі. Конкурс жеңімпаздарының есімдері 2020 жылы ақпанның соңында – Алғыс айту күні мерекесінің қарсаңында белгілі болады.
Лауреаттар бес номинация бойынша анықталады. «Асар» аталымы халықтың салт-дәстүрімен байланысты қайырымдылық қызмет көрсететін адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған, «Туған жер» аталымы білім беру, экология және көріктендіру саласында туған өлкеге көмек көрсететін адамдарға беріледі, «Мейірім жолында» аталымына ерікті негізде және тегін көмек көрсететін, игі істер атқаратын адамдар ие болады, ал «Батыл жүрек» аталымы ерлік іс жасаған, жанкештілік танытқан адамға қолдау көрсету мақсатында тағайындалады, «Қайырымдылық тарихы» аталымы БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын қозғайтын, қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аудартатын материалдардың жариялануынын қамтамасыз ететін журналистерге немесе шығармашылық ұжымға беріледі, – дейді Ғалия Кәмшатқызы. БҚО ІСБ саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы Қалаубек Баубекұлының айтуынша, осымен екінші мәрте ұйымдастырылғалы отырған конкурс қоғамдағы өзекті мәселелерді қаузайды. – Мемлекет қай уақытта да азаматтық бастамаларды, соның ішінде адамгершілік құндылықтарды, гуманизм идеясын насихаттауды әрқашан қолдайды. Сондықтан конкурсты біз де жан-жақты қолдауға әзірміз. Ниет білдірген жеке және заңды тұлғаларды конкурсқа қатысуға шақырамыз. Өзінің жақсы идеясын ұсынып жүрген азаматтарды көрсету қазіргі таңдағы көкейтесті мәселе, – дейді ол.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу