ОРАЛДА ҚАЗТЕСТ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі 18-19 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан облыстық жоғары аграрлық-техникалық колледжінің кітапханасында «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау құралдарын қалыптастыру тәжірибесі» атты тәжірибелік семинар ұйымдастырды.

Аталған тәжірибелік семинарды Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының бөлім меңгерушісі Мұқаметқали Мәншүк Мұқаметқалиқызы өткізді. Оған мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік мекемелерінің іс-жүргізуші мамандары, Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік тілді одан әрі дамыту шараларына жауапты мамандар,облыс аумағында орналасқан мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушылары, әдіскерлері жалпы алғанда 70 қатысушы шақырылды.
Тәжірибелік семинардың мақсаты – ересек тұрғындарды қазақ тіліне оқыту және Қазтест сынағына дайындау үшін интерактивті оқыту бойынша тренерлерді дайындау. Мемлекеттік тілдің дамуына ықпал етуші факторларды саралап, аталған тақырыптың бүгінгі қордаланған сұрақтарын шешуде үлес қосуды көздейді. Мемлекеттік қызметшілерді Қазтест сынағына даярлауды теориялық және практикалық мәселелерімен таныстырып, әдістемелік тұрғыдан көмек көрсетуге бағыттайды,сонымен қатар Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сай Батыс Қазақстан облысы бойынша орыс тілді ересек тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мәселелері, қазақ тілін шетел тілімен екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі негізінде мемлекеттік тілді оқыту орталықтарындағы қазақ тілі оқытушыларының тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау мәселелері бойынша біліктілігін арттыруды жүзеге асыру.
Екі күнге созылған семинардың алғашқы күні қатысушылар теориясымен танысса, екінші күні практикалық дағдыларды қалыптастыру көзделді, және де тілдік білімді бағалаудағы Қазтест жүйесінің рөлі, Қазтесттің бүгінгі жай-күйі, әлемдік тілді бағалау жүйелерімен байланысы, насихаттау жайын талдады. Сонымен қатар қазақ тілін шетел тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесіндегі сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, оқылым, жазылым) , өзіндік ерекшеліктері мен маңызы тапсырма арқылы бекітіліп, қатысушылармен практикалық жұмыстар жүргізілді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметкерлердің, түрлі сала мамандарының мемлекет тілді меңгеру жүйесін Қазтест тәжірибесі арқылы анықтаудың мәселелері практикалық дағдылар арқылы жүргізу тәжірибесі жан жақты қарастырылған семинар болды. Семинар нәтижесінде Қазтест жүйесіне қатысты теориялық және практикалық дағдыларды игергендігі туралы сертификаттар табыс етілді.


Азамат Ерсұлтанұлы
БҚМУ 4-курс студенті
Суретке түсірген: Рафхат Халелов
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу