8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қыркүйек 2019 1647 0
Өзек

ЖЕРТӨЛЕДЕ ЕСІРТКІ ӨСІРГЕН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

БҚО-да есірткі заттарын заңсыз өсіргені үшін және марихуананы сақтағаны үшін 1992 жылғы «Ж» есімді азамат ұсталды.

БҚО ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша бөлініс қызметкерлерінің жедел ақпараттарына сәйкес «Көкнәр» және «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталғандай «Ж» есімді азамат Зашаған кентіндегі «Восход» гараж кооперативіндегі гараждардың бірінде есірткі заттарын заңсыз өсіріп, марихуана сақтаған.

Гараждың жертөлесінде қарасора өсіру үшін барлық жағдайлар жасалған, яғни жертөленің қабырғалары пенофолмен оқшауланып, ауа айналдыратын вентиляциясы іске қосылып, жасанды жарықтандыру (фитоламп) қойылған. Қажетті температураны ұстап тұру үшін радиатор орнатылған. Тінту кезінде өсірілген қарасора және пайдалануға дайын «марихуана» есірткі заты тәркіленді. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша шамамен 600 гр. «марихуана» есірткі заты және 3 түп қарасора тектес өсімдігі тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөліміне (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
75 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
123 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
162 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
418 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
439 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»