ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
«ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің ұйымдастыруымен өткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылау аясындағы дөңгелек үстелде сөз болды.

Жиында Жолдауда көрсетілген қоғам мен мемлекет арасында сенімді қарым-қатынас құру, мемлекеттік органдармен өтініштерді қараудың сапасы, жастарды мемлекеттік қызметке тарту жайттары кеңінен талқыланды. Дөңгелек үстелді жүргізген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев бес тараудан тұратын Жолдауда заман талабына сай тиімді мемлекет қалыптастыру мәселесін алға тартқанын, ол әділеттілік, тәуелсіз сот жүйесі, тиімді басқару, либералды демократияны ілгерілету және өткен шақтың құндылықтарына негізделген жаңғыртуларды іске асыру екенін атап өтті. Алдымен сөз алған білім саласында көп жылдық тәжірибесі бар білікті басшы, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов: – Мемлекет басшысы Жолдауында экономикалық заңдылық, халықты әлеуметтік қамсыздандырудың бірқатар мәселелері, яғни кәсіпкерлікті қолдау, білім сапасын жетілдіру, көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсарту, бағаны тұрақтандыру, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жетілдіру мәселелері көтерілді. «Тиімді шағын және орта бизнес қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Микробизнес еліміздегі әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірдегі маңызды бөлік болып табылады. Ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады» деп атап өтті Мемлекет басшысы. Бұл Жолдаудың басқа Жолдаулардан негізгі ерекшелігі мемлекеттің экономикаға көзқарасының түбегейлі өзгеруі. Мұның ішінде мемлекеттің экономикаға әсері мемлекеттік секторлардың бәсекелестік нарыққа көңіл бөлуі, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігін талдау бойынша мемлекеттік компаниялардың санын азайту туралы берген тапсырмалары экономиканы инклюзивті экономикаға апаратын жол. Бұл қадамдар мемлекетте бәсекелестік нарығын дамытып қана қоймай, шағын және орта бизнестердің дамуына зор үлес қосарына, болашақта ел экономикасын жаңа белестерге жеткізеріне зор сенім бар. Осы орайда Президенттің шағын және орта бизнеске жасалатын жеңілдіктерді қолдаулары мемлекет тарапынан қолдау табарына нық сенімдіміз. Мемлекет дамуы – ол халықтың дамуына тікелей әсер етеді, – дей келіп, қаламен ауыл мектептері арасындағы алшақтық, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту, дарынды балалардың қабілетін дамыту, жоғары білімнің сапасына көңіл бөлу, түлектердің жұмыспен қамтылу жайы туралы айтып, ең басты көңілге қонымдысы – билік пен халық арасында диалог орнайтыны екенін жеткізді. Бұдан әрі сөз алған «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Әлия Сәлиева, М.Өтемісо
в атындағы БҚМУ әлеуметтік зерттеулер орталығының жетекшісі, философия ғылымдарының кандидаты Павел Добряев Жолдауда басымдық берілген митингтер туралы заңнаманы жетілдіру мәселесін тарқатса, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының профессоры, әлеуметтік ғылымдарының кандидаты Мирболат Нұртазин мемлекеттің басқарудың тиімділігі мен жауапкершілігі, «Мәңгі қазақ елі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жаннат Танабаева халықпен тиімді кері байланыс орнату жөнінде ой өрбітті.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА




Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу