8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қыркүйек 2019 1692 0
Қоғам

Тұрғын үйлердің 72 пайызы жылыту маусымына дайын

Қала әкімі Абат Шыныбековтің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өткізілді. ТЖК отырысында халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріңің 2019-2020 жылдың қысқы кезеңіне дайындығы, өткен суға шомылу маусымының қорытындысы  қаралды.

Биыл суға шомылу маусымы кезеңінде қала аумағында 9 адам суда қаза болған. Орал қаласы ТЖБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Бахытжан Ихсановтың баяндауынша, Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері – жабдықталмаған жерлерде шомылу, жүзе алмау, қауіпсіздік ережелерін бұзу, балаларды қараусыз қалдыру. Б.Ихсанов басқарма тарапынан қаланың су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар кешеніне тоқталып, су айдындарында рейдтер жүргізілгенін және мектеп жанындағы лагерлердегі су айдындарда балалар қауіпсіздік шараларына оқытылғанын жеткізді.

Кеңес барысында Орал қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиев қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлердің жылу беру маусымына дайындығын баяндады.

Бүгінгі күні бойынша 35 денсаулық сақтау мекемесінің 30-ы, яғни 86%, 49 білім мекемесінің 46-сы (94%),  20 мәдениет саласы мекемесінің 12-сі (60%) ждайын.  Орталық жылыту жүйесіне қосылған 1188 тұрғын үйдің 855-і жылыту маусымына толығымен дайындалған. Кеңес барысында «Батыс Су Арнасы» ЖШС қызметіне де назар аударылды. Қаланың су құбыры-кәріз желілері мен құрылыстарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жоспары әзірленді. Сумен қамтамасыз ету қызметі қысқы кезеңдегі жұмысқа желілерді дайындау үшін жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Кеңес жұмысын қала басшысы қорытындылап, жылыту маусымына қатысты барлық шаралар жіті назарда ұстау қажеттігін тапсырды.

И.Өтешева, Орал қаласы ТЖ басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау майоры

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
24 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
78 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
270 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»