Емханаларға тіркелу жүйесі автоматтандырылды
2019 жылы 15 қыркүйек мен 15 қараша аралығында ел тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына өз қалауы бойынша тіркелу мүмкіндігі беріледі. Биыл оны eGov электронды үкімет веб-порталы арқылы жасауға болады. Ол үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.

Қандай да бір сұрақтар немесе қиындықтар болса, ХҚКО кеңесшілері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тіркелуге көмектеседі. Ал емханаға тіркелу процесін автоматтандырудың арқасында сан алуан тәртіп бұзушылықтарға жол берілмейді. Атап айтқанда, енді тіркелу туралы сұрауды қолдан жасау мүмкін емес. Бұрын ондай әрекеттер қызмет жеткізушілер арасында болған. Тіпті, адамдардың өздері де жасайтын.
Осы орайда маңызды бір мәселені ескерген жөн. Емхана немесе дәрігерлік амбулаторияны еркін таңдау принципі тек тұрғылықты жердің әкімшілік-аумақтық бірлігімен ғана шектеледі. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда ол – пациенттің тұратын ауданы.
– Бұрын ондай шектеу болған жоқ. Алайда, іс жүзінде ондай еркіндік бірқатар қиындықтар туғызды. Мәселен, тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген адамдарға, оның ішінде жүкті және жаңа туған нәрестелерге қызмет көрсету жағынан қиын болды, – дейді филиал директоры Нуржамал Жумагулова. – Осыған байланысты нормативтік базаға өзгерістер енгізілді. Енді, БМСК-ны қаладағы бір ауданның аясында ғана таңдауға болады.
Тіркеу кезінде ата-анасы да, балалары да бір емханаға баратындай отбасылық қызмет көрсету принципіне басымдық беріледі. 18 жасқа толмаған балаларды олардың заңды өкілдері тіркеуге құқылы.
БМСК ұйымында тіркелген адамдар шамадан тыс көп болса, Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен басқа емханаға тіркемей қоюы да мүмкін. Қолданыстағы нормативтер бойынша жалпы практик дәрігердің учаскесінде 1700 пациенттен артық болмауы тиіс.
– Учаскелерді ірілендіру дәрігердің жүктемесін төмендетіп, пациенттер үшін қызмет көрсету сапасын жақсартады. Дәрігер қабылдауға келген адамға жеткілікті көңіл бөлуі керек. Осыған орай, Қор медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында жүйелі жұмыс істеп келеді. Әсіресе, медициналық сақтандыруды енгізу қарсаңында осы шаралардың маңызы артып отыр, – деп атап өтті филиал директоры Нуржамал Жумагулова.
Емханаға тіркелу науқаны нәтижесіне қарай Қордың өңірлік комиссиялары алдағы жылға БСАК көлемін орналастыру рәсімдерін жүргізеді. Жаңадан таңдалған емханаға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап баруға болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін сізге бұрынғы БМСК қызмет көрсете береді.
Науқан кезінде тіркелу – бұл өз таңдау құқығын іске асырудың жалғыз жолы емес. Жылдың аяғына дейін емхананы бірнеше жағдайда ауыстыруға болады. Біріншіден, адамның тұрғылықты жері бір айдан астам уақытқа өзгерсе, екіншіден, емханада қайта ұйымдастыру болса және ол Қордың қызмет жеткізушілері қатарынан шығып кетсе, тіркеуді ауыстыруға мүмкіндік бар. Тіпті, ешбір себепсіз жылына бір рет тұрғылықты жері аймағында емхананы ауыстыруға болады.
Тіркелу науқаны ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасында тіркелген Денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана жүргізіледі.
Деректер базасы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының интернет-ресурсында орналасқан: https://fms.kz/ru/select-medical-inst
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу