8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қыркүйек 2019 1519 0
Без рубрики

ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПҚА ҮКІМ ШЫҚТЫ

            Бүгін БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  мұнай өнімдерін заңсыз саудаға салды деп күдіктелген қылмыстық топқа үкім шықты. Аталмыш қылмысқа қатысы бар деген алты айыпты 6 жылдан 8 жылға дейін жаза арқалады. Мұнай өнімдерін заңсыз саудалаған топ  осыдан екі жыл бұрын  күдікке іліккен еді.

Бұл жолы сот белгіленген уақытта басталды. Сот материалдарынан мәлім болғандай, 2017 жылдың күзінде Атырау-Орал тас жолының бойындағы полиция бекетінде битум тиелген бес жүк көлігі тоқтатылады. Кейін құжаттарынан шикілік шығып, ұйымдасқан қылмыстық топ деп танылады да, ісі сотқа жолданады.  Сот төрешісі Қайрат Өтешов мәлімдегендей   қылмыстың негізгі ұйымдастырушысы  болып Қайрат Намазбаев танылады.– Сот шешімімен Қайрат Намазбаев 8 жылға бас бостандығынан айрылсын, жазасын қауіпсіздігі  орташа деңгейдегі қылмыстық-атқару мекемесінде өтесін.  Деседе оған тиесілі дүние мүлкті тәркілеу жазасы алып тасталсын, – деді  судья  Шалқаров. Сот үкімімен Орынбор облысындағы битум зауытының директоры Тимур Қалиев пен осы іс бойынша айыпталған тағы төрт жігітке  бұған дейін сегіз жыл басбостандығынан айырыу жазасы тағайындалған болса, енді олардың әрқайсысысы 6 жылға сотталды. Аталған қылмыстың тағы бір фигуранты Бақытжан Жақатаевты сот ҚР ҚК-нің 216-бабы бойынша кінәлі деп танып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу үкімі шығарды. Сонымен қатар сотталушылардан мемлекет пайдасына 536 миллион теңге өндіріліп, битум тасыған көліктері мен жеке көлігінен табылған қаржысы тәркіленеді. Үкіммен келіспеген қарсы тарап  таңы да шағымданатындарын жеткізді. Ал үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушылар  белгілінген мерзім ішінде қайта қуына алады.

Айнұр ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
116 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
91 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»