ТӨРТ БАЛАНЫҢ АНАСЫ СОТТАЛДЫ
Бәйтеректік 4 баланың анасы азаматтық некедегі жолдасын 24 жерден жерден пышақтап өлтірді. Ол енді осы әрекеті үшін 10 жыл бас бостандығынан айрылды. БҚО қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотына жолданған іс алты айға жуық қаралып, үкім шығарылды.

Оқиға үстіміздегі жылдың 10 сәуірі күні Бәйтерек ауданы «Железново» ауылында кешқұрым болған. Істің мән-жайына тоқталар болсақ, Башарова мен оның азаматтық некедегі жұбайы Евгений Скипин 2019 жылдың 9 сәуірі күні ішімдік ішеді. Олардың бұл әрекеті ертесіне дейін жалғасып, 10 күні жұптар арасында жанжал туындайды. Дау-дамайдың ақырында Башарова Скипинді 24 мәрте пышақтап өлтіріп, марқұмның денесін үй ішіндегі жертөлеге жасырады.
Арада тәулік өтіп, Евгениймен хабарласа алмаған туыстары учаскелік инспекторларға шағымданады. Өз кінәсін мойнына алғысы келмеген Башарова бастапқыда жалған сөйлеп, жағдайды бұрмалауға тырысады. Дегенмен, полицейлердің күдігіне іліккен әйел өз ісін мойнындайды.
Сот төрешісі Бақыт Ермахановтың мәлімдеуінше қылмыс болған күні мектеп жасындағы қызын сабаққа жібермеген. Жағдайды білмек болған мұғалімдер оның үстінен қан іздерін байқаған. Қылмыстың ашылуына осы жағдай да себеп болған.
– 35 жасар Евгения Башарова ҚР ҚК 99-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Өз мерзімін ол орташа қауіпсіз қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде өтейтін болады, – деді төреші Ермаханов.
Кісі қанын мойнына жүктеген айыптының 4 баласы бар. 3 баласы алдыңғы некедегі азаматтың, ал кенжесі Скипин екеуінің ортақ ұрпағы саналады. Алдыңғы екі бала әкелерінің қолында тәрбиеленуде. Ал 3-ші және 8 айлық сәби бүгінде Бәйтерек аудандық балалар бейімдеу орталығында уақытша паналуда. Олардың тағдырларын қазір құзырлы мекеме мамандары қарауда.
Ал қылмысқа жауапты әйел өзімді қорғамақ болдым деп, ақталып әлек. Ал бақилық болған 31 жасар азаматтың тума-туыстары Башароваға тағайындалған жаза мерзімі аз деген ойда. Сондай-ақ Башарова жазасын өтеу барасында маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айнұр ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу