АБАЙЛАҢЫЗ – БАЛАЛАР. ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ КӨБЕЙДІ
Батыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары Орал қаласында кезекті республикалық «Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізілуде.

Аталған аталған акция барысындағы іс-шаралардың бірі қаладағы №7 жалпы орта білім беретін мектепте өтті. Мектеп жанында арнайы жаяу жүргіншілер үшін салынған жүргіншілер жолағы қайнаған көлік қозғалысының ортасында орналасқан, бұл жол арқылы оқушылар күнде сабаққа өтеді. Шара сабақ түрінде өтті. Сабаққа бастауыш сынып оқушылары қатысты. Мектептің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Айнұр Жанабайқызы алдымен балаларға интерактивті тақта арқылы жол ережелерін сақтау бойынша бейнеролик көрсетіп, кейін оқушылардың жол ережесіне қатысты түрлі сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, мектепте құрылған жас жол инспекторлары жаяу бүлдіршіндерге жол үстінде өтуге көмектесіп, жол ережесін түсіндірді, жол инспекторы ұсынған жол жүру қауіпсіздігі жөніндегі парақшалар, күнтізбелер мен шағын блокноттарды көлік жүргізушілеріне және жаяу жүргіншілерге таратты.
– Көлік құралын бірден тоқтату мүмкін емес, сондықтан жолдан өткен кезде мұқият, әрі сақ болуды әрқашан есте сақтауыңыз қажет. Жолдан өту тек «Жаяу жүргіншілер өтпесі», «Жолақ» жол белгілері көрсетілген жерлерден, қиылыста бағдаршамның жасыл сигналы арқылы жүру қажет. Қозғалыс ағыны көп көшелерден өтуге тыйым салынады, ол өмірге және денсаулыққа өте қауіпті, – деді Орал қ.ПБ Абай полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы Бибінұр Нұрхатова.
Жол-көлік оқиғалары жүргізушілердің жол ережелерін сақтамауы, жылдамдықты арттыру, тәжірибесі аз жас жүргізушілердің басқаруы, т.б. салдарынан орын алуда. Сондықтан БҚО тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларға жол үстінде жол ережелерін қатаң сақтауын талап етеді.
Жыл сайын көлік санының артуымен бірге жол-көлік апаттары да көптеп орын алуда. Биыл жыл басынан балалардың қатысуымен 38 жол-көлік оқиғасы орын алса, оның ішінде төртеуі қаза болды, 43-і әр түрлі дене жарақаттарын алды.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу