8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қыркүйек 2019 2154 0
Спорт

БАС ҚАЛАДА ТҰҢҒЫШ РЕТ КҮРЕС ТҮРЛЕРІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

14-22 қыркүйек аралығында елордада тұңғыш рет күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Бас қаладағы «Барыс-Арена» кешенінде өтетін байрақты бәсекені «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде ұсынады.

«QAZSPORT» телеарнасы жарыстың алғашқы күнінен бастап тікелей эфирде жұмыс істейді. Жарыс қарсаңында телеарнаның редакторлары Ұлттық құраманың дайындығы жөнінде арнайы хабарлар дайындады. Сонымен қатар байрақты бәсеке кезінде «QAZSPORT» телеарнасының студиясы тікелей эфирде жұмыс істеп, спорт әлеміндегі танымал тұлғалармен сұхбат жүргізеді.

100-ге тарта мемлекеттен келген 1000-нан аса балуан Токио Олимпиадасының жолдамасы үшін бақтары мен баптарын безбенге салады. Әр салмақ дәрежесіндегі үздік 6 спортшы жапон жерінде өтетін жарысқа   қатысуға мүмкіндік алады. Еліміздің және әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған жанкүйер «Барыс-Арена» спорт кешенінде бас қосады.

Prosports.kz сайтының хабарлауынша, әлем чемпионаты билеттерінің бағасы 1000-300 000 теңге аралығында. VIP кабиналарындағы билет пакеті 1,5 миллион теңге тұрады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
15 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»