ҚАРЫНДАСТАРЫН ЗОРЛАМАҚ БОЛҒАН…
Жәнібек ауданының 41 жасар азаматына мектеп жасындағы 3 бірдей қыз баласын зорламақ болды деп айып тағылды. БҚО қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотына жолданған іс бір жылға жуық қаралып, үкім шығарылды.

41 жасар қылмыскер қыздарды шақырып алып бірнеше ай бойы қорлап келген. Егер бұл туралы тіс жарып айтатын болсаңдар өлтіремін деп қорқытқан. Қылмыстық оқиғаның беті ашылуына тек қыздардың екеуара әңгімесі септігін тигізді. Оны естіген анасы бірден құқық қорғау органдарына шағымданады. Сот төрешісі Бақыт Ермахановтың мәлімдеуінше, ауыр қылмысқа барған айыпты осыған дейін бірнеше мәрте істі болған.
– ҚР ҚК 121 бабы 4-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Іс 5 эпизодтан тұрды. Айыпты оның төртеуін мойнына алды. Оған аталған бап бойынша кастрация жазасы қолданылмайды. Өйткені ол жәбірленушілерді зорламаған. Тек сексуалды сипаттағы әрекеттерге барған,– деді Б. Ермаханов.
Кәмелетке толмаған мектеп жасындағы қаршадай қыздардың ар-намысын аяққа таптаған 1978 жылғы қылмыскерге 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Енді ол осы мерзімді бұрынғы қатаң режимдегі түрмеде айыбын өтейтін болады. Сорақысы сол қылмыскер, зардап шегушілердің ет жақын ағасы болып отыр. Сөйтіп бейкүнәлардың абыройын айрандай төкпек болған қылмыскер өмірінің 16 жылын тар қапаста өткізбек. Қылмыскер сот шешіміне шағымданбаған. Сот үкімі заңды күшіне енген.
Айнұр ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу