КӨЛІККЕ ТҮЙІСКЕН ЖЫЛҚЫНЫҢ ИЕСІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
БҚО полиция қызметкерлері жануарларға жарыққа шағылысатын белгі орнатуды ұсынады

Қыркүйектің 3 күні түнгі сағат 3.40 кезінде Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылы маңындағы «Атырау-Орал» тасжолында «Toyota» маркілі автокөлігі жылқыға соқтығысқан. Апат салдарынан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді, олар медициналық тексеруден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Сонымен қатар, көлік құралының иесіне материалдық шығын да келтірілген.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жылқының иесі анықталған кезде ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 633-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Көлік құралдарының қараңғы, іңір түскен уақытта және кешкі нашар көріну кезінде жолды кесіп өтпек болған еркін жайылыстағы малға соқтығысу жағдайлары көптеп орын алып жатады. Мұндай оқиғалар қараусыз малды жайылымға жіберетін мал иелерінің салғырттығы нәтижесінде болады. Сондықтан олар жол-көлік оқиғаларының қатысушысы ғана емес, сондай-ақ қылмыс объектісіне айналады.
Жолдарда үй жануарларының қатысымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу және оларды болдырмау, қараңғыда және көрінбейтін жерлерде жақсы белгілеу мақсатында үй жануарларына жарыққа шағылысатын «флипперлерді» қолданған жөн. Бұл жүргізушілердің назарын аударып, жолдағы оқыс оқиғалардың санын азайтады, сонымен қатар адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтайды.
Жарыққа шағылысатын «қыстырғыштарды» малдың мойнына, сондай-ақ, үй жануарларының құйрығына байлауға болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу