ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ОРАЛДА 40-ТАН АСТАМ ШАРА ӨТЕДІ
Дәстүрлі Қала күні мерекесі биыл 3-7 қыркүйек аралығында аталып өтеді деп күтілуде. Осы аралықта қала аумағында 40-қа жуық түрлі спорттық және мәдени іс-шаралар жоспарланған. Тіптен, арнайы қала күні логотипі де жасалған. Бұл мақсатқа бюджеттен 9 млн. теңгеден аса қаражат бағытталса, жергілікті кәсіпкерлер тағы да қосымша 9 млн. теңге бөліп отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов айтып берді.

– Жыл сайын қыркүйек айының басында дәстүрлі Қала күні мерекесі аталып өтеді. Биыл да атаулы мерекеге орай ауқымды іс-шаралар мен жобалар жоспарланып отыр. Арнайы қала күнінің логотипі жасақталды. Логотиптің астынан және үстінен үш толқын көрініп тұр. Бұл қаланың айналасындағы үш өзенді білдіреді. Қаламыз абаттандырылған жасыл қала болған соң ортасына жасыл белдеу салынған. Бір жағынан бұл шексіздік мағынасын білдіреді, ұлттық оюымызға да ұқсайды. Яғни ұрпақтан-ұрпаққа осындай көрікті қаламызды сақтауымыз керек. Жанындағы сары белгілер шаһардың шаруашылығынан хабар береді. Логотипті жергілікті жарнама агенттіктерінің бірі дайындап берді, – деп алдымен Қала күнінің логотипін таныстырған қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов шаһар тойы шеңберіндегі бұдан әрі жоспарлы шараларға тоқталды. Бақытжан Қаберұлының мәлімдеуінше, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында биыл отшашулар болмайды. Оған жұмсалатын қаржы Зашаған кентіндегі №5 кітапхананың күрделі жөндеуіне бағытталған. Аумағы 300 шаршы метрді қамтитын, толықтай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған кітапхана қалалықтардың рухани демалатын орнына айналары сөзсіз. Онда балалар алаңы, кофе ішетін орын, коворкинг орталығы да қарастырылған.
«Қала күні-2019» мерекесінің бағдарламасы
|
3 қыркүйек |
||
| 19.00 | «Орал-Опера» классикалық музыка концерті | Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатры |
| 4 қыркүйек | ||
| 19.00 | Орал қаласы әкімінің кубогі үшін КТА фестивалі | Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатры |
| 5 қыркүйек | ||
| 19.00 | І Облыстық «Жайықтың би әлемі» би фестивалі | Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатры
|
| 21.00 | «OPENAIR» танымал диджейлердің қатысуымен жастарға арналған дискотека | Абай алаңы |
| 6 қыркүйек | ||
| 10.00 | №5 кітапхана филиалының жаңартудан кейін ашылуы
|
Зачаганск кенті, Жәңгір хан көшесі, 50 |
| 16.00 | «X-FITNESS» фитнес орталығының ашылуы
|
М.Жүнісов көшесі, 134 |
| 17.00 | І Қалалық «Ұлттық мектеп лигасының» ашылуы | «Жастар» стадионы
|
| 18.00 | ІІІ «Жайық сазы» дәстүрлі өнер фестивалі
|
Жайық өзені жағалауы |
| 7 қыркүйек | ||
| 09.00 | Қала әкімінің «Қала күні» мерекесіне арналған салтанатты қабылдауы | Облыстық филармонияның концерт залы
|
| 10.00 | «Променад» бағдарламасы, қолөнер жәрмеңкесі, «Шеберлер қалашығы», гүлдер фестивалі, «Оқитын қала» акциясы, буккросинг, асық ату, бес асық, «STREET WORKOUT», фестиваль «Биле, Орал» (брейк-данс), фотовыставка, суретшілердің шеберлік кластары
|
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы- Д.Нұрпейісова көшесі (Арбат) |
| 11.00 | «Сапалы өнім – 2019» көрмесі | ҚР Тұңғыш Президенті алаңы
|
| 11.15 | «Ақжайық» этноауылының жұмысымен танысу | ҚР Тұңғыш Президенті алаңы
|
| 11.30 | Ұлттық киімдер фестивалі | Ассамблея үйінің алаңы
|
| 16.00 | «Исатай мен Махамбет» ескерткішінің ашылуы | Зачаганск кенті бағытындағы жол
|
| 17.00 | Орал қаласы әкімінің кубогі үшін волейболдан «Достық-Дружба» халықаралық турнирінің ашылуы | Айтиев көш. спорт
Залы
|
| 20.00 | Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала күніне арналған мерекелік гала концерт | П.Атоян атындағы стадион |
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу