БҚО ӘКІМІ АҚЫН АҚҰШТАП БАҚТЫРГЕРЕЕВАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен «Құрмет» орденінің иегері Ақұштап Бақтыгереевамен кездесіп, 75 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі хабарлады.
– Өзіңіздей асыл да аяулы анамыздың өнегелі өміріндегі бұл мәртебелі мезет – Жайық жұртшылығы үшін ортақ қуаныш. Сіздің ел үшін, ұрпақ тәрбиесі үшін атқарып келе жатқан еңбегіңіз, қазақ поэзиясындағы орныңыз айрықша. Сіз табиғат сыйлаған ерекше дарыныңыздың арқасында бүкіл еліңізге танылған, поэзияның биігіне шыққан талантты ақынсыз. Сіздің қарымды қаламыңыздан туған қуатты әрі шынайы шығармалар ұрпақтан ұрпаққа жететін құнды мұра екені сөзсіз. Сондықтан алдағы уақытта да халқымызды, әулетіңізді мәнді де нәрлі жырларыңызбен қуантып, ортамызда аман-есен жүріңіз. Халқымыздың қадірмендісі, ұлтымыздың мақтанышы болып, жалынды жырларыңыз елмен бірге жасай берсін, – деп құттықтауын жеткізді облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлы.
Кездесу барысында өңірдегі мәдениет, әдебиет пен өнер саласының дамуы мәселелері талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын жоспарлар туралы сөз қозғалды.
Эльвира МЕҢДІҒАЛИДЫҢ суреті
Версия для печати
Пікір үстеу